КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
EXPO-2017
10.05.2018  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Қазақстан» (Нұр-Әлем) ұлттық павильонын мазмұндық және тақырыптық жағынан толықтыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ары қарай – Министрлік) ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Қазақстан» (Нұр-Әлем) ұлттық павильонын мазмұндық және тақырыптық жағынан толықтыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығы Көрмеде «Қаланы көгалдандыруға арналған инновациялық биотехнология» жобасын ұсынды.

Елді мекендерді көгалдандыру кезінде саңырауқұлақтық және вирустық ауруларға шалдығу салдарынан өсімдіктердің (ағаштардың) жойылып кету проблемасы кездеседі. Мәселен, Астана қаласы мен жақын орналасқан аумақтарды көгалдандыру үшін пайдаланылатын (ақ және Болле) теректердің тамырлануы қиын, көбіне қурап кетеді, сонымен қатар теректердің ұлпасы тұрғындардың аллергиялық әсерін қоздырады. ҰБО ақ және Болле теректерінің, Недзвецкий алма ағашының аталық түрлерін микроклональды көбейтудің және оларға түтікшеде өсірілген өсімдіктер мен көшеттер түрінде қол жеткізудің биотехнологиялық әдістерін әзірлеп шығарды.

Ұсынылған инновациялық технологияларға негізделген өндіріс көшеттердің құнын бүгінде екі есе арзандатуға мүмкіндік берді. Олардың өсу көрсеткіштері дәстүрлі әдістермен алынған отырғызу материалымен салыстырғанда екі есе жоғары.
Қазіргі уақытта «Астана көгалдандыру-құрылысы» АҚ-ының Дендропаркінде, «Астана орманы» ЖШС-інің жасыл аумақтарында осы ағаштардың 200-ден астам көшеттері өсуде.

Келешекте өсімдіктің отырғызу материалдарының бірнеше түрлері (кассетадағы екпе көшеттер, шағын көшеттер, ірі көлемдегі көшеттер) басқа компаниялар үшін елді мекендерді көгалдандыру саласында өсірілетін және сатылатын болады. Аталмыш технологияны сондай-ақ өсімдіктердің ағашты-бұталы және жеміс-жидекті түрлерінің экзотикалық, сәндік сұрыптарын өсіру мен сақтап қалуда қолдануға болады.

Технология Қазақстан Республикасының пайдалы модельге берілетін №2022 «Ақ терек пен Болле теректерін микроклональды көбейту тәсілі» патентімен қорғалған.

Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты тиімді бионикалық аяқ-қолдарды құру саласындағы әзірлемелерді және аддитивті өндірістік технологияларды дамыту мақсатында «3D басып шығару технологияларын қолданып, қозғалғыштығы жоғары бионикалық қол модельдерін жасау» жобасын әзірледі. Нәтижесінде сезгілер мен ДК арқылы басқарылатын бионикалық қолдың прототипі алынды. Осындай бионикалық аяқ-қолдарды аддитивті басып шығару технологиялары игерілді және қолданылды. Жетектің басқа принципімен жинақтаушыларға қарағанда, бұл био (мио) электр қолы әрбір науадағы жеке электр қозғалтқыштарын қоректендіретін аккумулятордың қуатын және әр электр қозғалтқыштың жұмысын бақылайтын және пайдаланушыға нақты қолға жақын қозғалыстарды алуға мүмкіндік беретін микропроцессорды пайдаланды. Қазіргі уақытта ұлттық патент алуға өтінім берілді.

Жану проблемалары институты «Жану үдерісінде берілген қасиетке ие көміртекті наноматериалдарды өндіру технологиясын жасап шығару және олардың негізінде әртүрлі қолданыстағы конструкциялық материалдарды жасау» жобасын әзірледі (224 187 млн. теңге). Жобаның негізгі мақсаты жану үдерісінде берілген қасиетке ие наноматериалдарды өндіру технологиясын жасап шығару және олардың негізінде өнеркәсіп қажеттіліктеріне арналған конструкциялық материалдар жасау, оның ішінде алынған көміртекті наноматериалдар мен графендер негізінде суперконденсаторды жасау және шығару.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының «Нұрәлем» павильонында: «ЕХРО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі «Энергияны зерттеу орталығы» нысанын энергиямен қамтамасыз ету үшін «жасыл отын» технологиясын пайдалану», «Құрамында сұйық заттар мен қалдықтар бар көміртекті магнегаз өндірудің ұялы технологиялық қондырғысы. Металдар мен баламалы газ отындарын кесу үшін газ генерациясына арналған жасыл технология» жобалары көрсетілді.

Қазіргі кезде «KSP Steel» ЖШС-гі технологиялық қондырғысы жұмысының энергия тиімділігін айналымдық сумен жабдықтау жүйесінің шығымдық жылуын кәдеге асыру арқылы арттыру» жобасы жүзеге асырылуда (183 млн. теңге). Аталмыш жоба жүзеге асырудың 1 кезеңінен өтті, техникалық құжаттама (сызбалар, сұлбалар) әзірленді, жабдықтар сатып алынды, «KSP Steel» ЖШС-гінің жылу сорғы жеткізілетін өндірістік алаңы дайындалды. Жұмыстар жобаны әзірленген коммерциаландыру стратегиясы бойынша атқарылуда. Жобаның іске асырылуы атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін төмендетуге және бір мезгілде өзіндік құны анғұрлым төмен жылу алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келіссөздердің нәтижесінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қайтарымсыз негізде «Ақылды энергетика елі» зертханасының бағдарламалық-аппараттық кешенін беру жөнінде Люксембург Павильонымен уағдаластыққа қол жеткізілді (Ресейдегі Люксембург Ұлы Герцогтығының Елшілігі мен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандум). Жабдық зертханаға орнатылды және оқу сабақтарын өткізу барысында пайдаланылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2 жоба: «Көмірсутекті газ қоспасын конвективтік диффузия әдісімен берілген қасиеттері бар компоненттерге бөлуге арналған құрылғы» және «ЖЭС және қазандықтардың энергия тиімділігін арттыруға арналған плазмотрон» жүзеге асырылуда.

«Көмірсутекті газ қоспасын конвективтік диффузия әдісімен берілген қасиеттері бар компоненттерге бөлуге арналған құрылғы» жобасы бойынша.

Жанатын табиғи газдарды ұтымды пайдалану газ тасымалдауды қиындататын немесе жану процесін бәсеңдететін компоненттерді алып тастау мақсатында бөлу және терең қайта өңдеуді, сол сияқты тазарту деңгейі жоғары мейлінше құнды компоненттерді бөліп алуды топшылайды.

Әзірлеменің мәні конвекциялық диффузия режімінде берілген қасиеттері бар көмірсутекті қоспаларда компоненттерді басым түрде бөліп алу мәселелерін шешуде болып тұр.

Көмірсутекті газ қоспаларын берілген қасиеттері бар компоненттерге бөлуге арналған құрылғы құрастырылды және жасалды.

«Қырықмылтық» (ЖШС «ANACO») мұнайкәсіпшілігінің өндірістік базасында тәжірибелік бөлу құрылғысы сынақтан өтті.

Қазіргі уақытта бөлудің оңтайлы режімдерін іздеуге арналған және газдарды бөлу құрылғысы конструкциясының эксперименттік және есептеу-теориялық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұлттық патент алуға өтінім берілді.

«ЖЭС және қазандықтардың энергия тиімділігін арттыруға арналған плазмотрон» жобасы бойынша
Технологияның мәні – көміртозаңды жанарғыға орнатылатын плазмотронның көмегімен көмірдің плазмалық тұтануы болып табылады. Көмірдің плазмалық тұтануы қазандықтарды қыздыру және көміртозаңды алаудың жануын тұрақтандыру кезінде қымбат тұратын мазутты арзан энергетикалық көмірмен алмастыруды қамтамасыз етеді. Бұл технология кез келген көмірден жанатын газ және кокстық қалдақтан тұратын жоғары реакциялық отынды алуға мүмкіндік береді.

Плазмалық технологияның жаңалығы – көміртозаңды қазандықтарды қыздыруда және жарықтандыруда дәстүрлі түрде қолданылатын мазутты бүріккіш пен газ жанарғысының орнына энергетикалық қатты отынды тұтандыру үшін плазматронды пайдалану болып табылады.

Көмірді плазмалық тұтандыру жүйесі электрдоғалы плазматрондармен жабдықталған көміртозаңды жанарғылардан тұрады, оларда көмірді жағуға плазмалық термохимиялық дайындық жүргізіледі, нәтижесінде бастапқыдағы төменгі сұрыпты көмірден жоғары реакциялық екі компонентті отын (ЖРЕО) алынады, ол жанатын газдан және кокс қалдығынан тұрады, қазандық пешінде белсенді түрде тұтанады.

Плазмалық технология Ресей және Қазақстан патенттерімен қорғалған және лицензия алуға дайын. Көмірді тұтандырудың плазмалық технологиясын қолдану ЖЭС-дың және көміртозаңды қазандықтардың экологиялы-экономикалық көрсеткіштерін арттырады (отынның механикалық шала жануын төмендетеді және қоршаған ортаға азот тотығының, күкірт пен ванадий пентоксидінің зиянды шығымдарын азайтады). Плазматрондарды қолдану жылуэнергетиканың болашақ дамуындағы ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жоба коммерциаландыру сатысында (инвесторлар іздестірілуде).

«ЭКСПО» көрмесінде көрсетілген екі жоба С. Торайғыров атындағы Павлодар мелмекеттік университетінің ғылыми-техникалық базасында жүзеге асыруға және енгізуге қабылданған.

«Электр энергиясын өндіру үшін жаяу жүргінші тақталарын қолдану әзірлемесі» жобасы бойынша. Жүйені көлік магистральдерінде және кірмежолдардағы ірі ифрақұрылымдық нысандарға құрастыруға болады. Осы жоба бойынша университеттің бар материалдық-техникалық базасы аясында түптұлғасын жүзеге асыруға техникалық мүмкіндік анықталды. Қазіргі уақытта жасалған прототипті қолдана отырып, тиімділікті арттыру мақсатында эксперименттер жүргізілуде. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде университеттің аумағында белсенді жаяу жүргінші тақталарын орнату және іске асыру, сондай-ақ ҒЗЖ нәтижелерін коммерциаландыру жұмыстары өз кезектерін күтуде.

«Күн батареяларымен жұмыс істейтін автономды шырағдандар» жобасы бойынша. Бұл шырағдандардың ерекшелігі – дайындау қарапайымдығы және бағасының төмен болуы. Жоба күн панелі кіріктірілген сыртқы жарықтандыру шырағданын білдіреді. Бұл шырағдандар көшені жарықтандыруда және фермерлік шаруашылықтарда кеңінен қолданыс табады. Қазіргі таңда болашақ жарықтандыру құрылғысының дизайнын жасау жұмысы басталды. Жобаны іске асыру нәтижесінде қуатының масштабталатын мәні бар шырағдандарды сату басталады.

Көрме аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қайталама энергия алу мақсатымен қалдықтарды (қағаз, тамақ қалдықтары, ағаш, пластик) қайта өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыру ынтымақтастығы туралы» жобасы іске асырылуда.

Жобаны жүзеге асырудың өзектілігі Жамбыл облысының қалаларында қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындардың жоқ болуымен байланысты. Жыл сайын қағаз, тамақ қалдықтары, ағаш, пластик және т.б. түрінде жиналатын қалдықтар өңірдің экологиялық жағдайын нашарлатуда, және қалдықтарды жинау, сақтау және табиғи жолмен кәдеге жарату үшін қосымша аумақтар бөлуге мәжбүрлейді.

Жоба аясында Жамбыл облысында қалдықтарды қайта өңдеудің қолданыстағы француздық технологиясын игеру және тәжірибелік енгізу жөнінде алдын ала келісім алынған.

Қазіргі кезде бірлескен ынтымақтастық туралы шарттық міндеттемелерді дайындау және қабылдау мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар қолданыстағы қатты органикалық қалдықтарды өңдеу технологияларына талдау жасалды, олардың ерекшеліктері мен кемшіліктері анықталды, сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

2010
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019