КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
EXPO-2017
17.11.2015  «Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілінен синхронды аудармашыларды дайындайды

Бүгін Шанхайда «Қазақстан Орталығының» ашылуы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов пен Шанхай шетел тілдері университетінің партиялық комитетінің бірінші хатшысы Цзян Фэн (Jiang Feng) «Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілінен тәржімалайтын қазақстандық синхронды аудармашыларды дайындау бойынша меморандумға қол қойды.
«Қазір Қазақстан-Қытай қатынастары барлық салаларда дамып келеді. Осыған байланысты қазақстандық мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, ұйымдар мен фирмаларда қытай тілінен тәржімалайтын синхронды аудармашыларға деген сұраныс бар. Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Шанхай шетел тілдері университеті арасында келісімге қол қоюы «Болашақ» аясында Қытайдың жетекші ЖОО бірінде қытай тілінен тәржімалайтын қазақстандық синхронды аудармашыларды дайындауға мүмкіндік береді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов.

Еске сала кетейік, бүгін Шанхай шетел тілдері университетінде Шанхайдағы ҚР Бас консулдығының, Халықаралық бағдарламалар орталығының және аталған қытайлық ЖОО бастамасымен Қытайдағы алғашқы «Қазақстан Орталығы» ашылды. Орталықты салтанатты түрде Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ш.Нұрышев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғ. Нығыметов ашты.

Жақын арада мұнда шетелдік студенттер үшін қазақ тілі кафедрасын ашу жоспарда бар.

Шанхай шетел тілдері университеті лингвисттер мен 23 тілден тәржімалайтын аудармашыларды дайындайды. Оны 100-ден астам қазақстандық студент пен магистрант, соның ішінде Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 16 иегері тәмамдады.

Дереккөзі: inform.kz

2737
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019