EXPO-2017

Алматылық инноваторлар үшін Startup Kazakhstan бағдарламасы іске қосылды

16.11.2015

7177

Алматыда «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры жобасы ауқымында жас инноваторларды қолдауға арналған TechGarden инкубаторы іске қосылды.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жобаның негізгі мақсаты қолайлы экожүйе - стартап-жобаларын қалыптастыру үшін инновациялық кластер құру, болашақта жоғары технологиялық компанияға айналып, жеткізушілердің жаһандық тізбегіне ену.

Жобалар қоржынының директоры Асқар Айтуовтың айтуынша, бағдарлама мәнісі жұмыс орындарын жалға беру ғана емес, инновациялық жобаларды қолдаудың тұтастай экожүйесі ауқымында компанияны жобаны енгізуден бастап, кемелдендіру кезеңіне шығаруға дейін инновациялық жобаларды қолдаудың толық циклін жүзеге асыру.

Инкубатор аумағы 1,2 мың шаршы метрді алып жатыр, 81 жұмыс орны көзделген.

«Бүгінде коворкинг орталықтары ақпараттық алмасу үшін кеңістік ретінде және инновациялық жобалар бойынша команда болып қалыптасуда аса өзекті. Біздің пікірімізше, жұмыс орындарын акселерациясыз беру бірқатар қаржылық тәуекелдерге соқтыруы мүмкін», - деп атап өтті А.Айтуов.

Компания 2016 жылдың ортасына қарай өзін ақтай алатын деңгейге шығуды жоспарлап отыр, бұл үшін Коворкинг орталығы әріптестер мен демеушілерді тартуға ниетті.

«Инновациялық технологиялар паркінің» (ИТП) автономдық кластер қоры 2015 жылғы 24 сәуірден бері Инновациялық кластердің басқару органы болып табылады. ҚР Үкіметі құрған және оған ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басшылық етеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар