КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
EXPO-2017
20.10.2015  Қазақстандық инженерлер Еуроодақ елдерінде еркін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды

Қазақстанның инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) Еуропа ұлттық инженерлік қоғамдары федерациясы (FEANI) Бас Ассамблеясының Лиссабон қаласында өткен кезекті отырысында осы ұйымға толық мүше болып қабылданды. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстанның инженерлік білім беру қоғамының «FEANI»-ге толық құқылы мүше болуы жаратылыстану, инжиниринг және технология саласындағы мамандарға біліктілігін арттыруға, инженерлік карта (Engineering Card) мен еуропалық сертификат алуға және ең бастысы - еуропалық инженерлер тізіліміне (EurEng) қосылуға жол ашады. Ал бұл, отандық инженерлерге алдағы уақытта Еуропалық Одаққа мүше елдерде еркін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», - деді осыған орай Қазақстанның инженерлік білім беру қоғамының президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов.

Айта кетелік, Қазақстанның инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) 2007 жылы құрылған болатын. Оның Еуропа ұлттық инженерлік қоғамдары федерациясына толық мүше болып қабылдануы сонымен қатар, халықаралық сертификаттарға ие инженерлік білім беруде және заманауи техникалық мамандар дайындауда, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда оң нәтиже беретіндігі сөзсіз.

1951 жылы құрылған «FEANI» қазіргі таңда Еуропадағы беделді кәсіби бірлестіктердің бірі болып саналады. «FEANI» - Дүниежүзілік Инженерлік Ұйымдар Федерациясының (WFEO) негізін қалаушы ұйым.

Оның ЮНЕСКО-ға, БҰҰ жанынан құрылған өндірісті дамыту жөніндегі ұйымға және Еуропа Кеңесіне ақыл-кеңес беруші мәртебеге ие.

Кәсіби бірлестікке әр елден бір ғана ұйым мүше бола алады. Ол сол елдің барлық инженерлік бірлестіктерінің мүддесіне жұмыс жасауы шарт.

«FEANI» бүгінде 350-ге жуық ғылыми және инженерлік ұйымдарды және Еуропаның 32 елінен 4 млн. кәсіби инженерді біріктіреді.

Дереккөзі: inform.kz

2567
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019