EXPO-2017

Suntech жылдам орнатылатын жаңа фотоэлектрлік модулдің шығарылымы туралы жариялады.

24.10.2013

6384

Әлемдегі ең ірі күн панельдерін өндіретін Suntech компаниясы Zep Solar-мен бірлесіп жылдам орнатылатын фото электрлік модуль өнірісін ашуда. Жаңа өнім жақын арада нарыққа шығады.

Қытайда негізделген фотоэлектрлік өндірісінің Suntech компаниясы өзі туралы көптеген уақыт аралығында жарияламаған болатын. Жақын арада белгілі болғандай, әлем алыбы күн энергетикасы нарығындағы белсенді әрекетіне қайта оралады сонымен қатар Zep Solar-мен бірлесіп жылдам орнатылатын күн панелдері өнірісін шығарады.

Естен кетпес тағы бір жайт, өткен жылдың аяғында үйлерге арналған күн модулдерін орнатумен айналысатын Zep Solar компаниясын Калифорниядан SolarCity энергетикалық компаниясы сатып алып, өзінің қаржылы көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан болатын. Бүгінгі күні аталған ұйымның модернизацияланған өнімі үлкен сұранысқа ие болуда. Көп жағдайда осы себеп бойынша Suntech бірлескен өнірісті Zep Solar дұрыстауды шешті.

Жаңа электрлік модуль Zep Solar мамандарымен дайындалған бірегей технологияны қолдану арқылы дайындалатын болады. Барлық модульдер тұрғын үй және коммерциялық ғимараттардың шатырларына арналады. Zep Compatible атауын алған дайындаманы Чикагода өтіп жатқан McCormick Place күн энергетикасы саласындағы соңғы жетістіктер Solar Power International (SPI) Exhibition көрмесінде қалың қауымға ұсыну жоспарланып қойылды.

Айта кетерлігі, Zep Solar соңғы өнімдері фотоэлектрлік модульдердің тиімділігін көтеруге бағытталған. Компанияның патенттелген жүйелік жабдығы ең соңғы үлгідегі стандарттарға жауап беретін күн панельдерін дайындауға арналған материалдар қолданысын белсендіруде өзінің тиімділігін сәтті дәлелдеді. Осындай үйлесімділік нәтижесінде орнату барысында өзінің қарапайымдылығымен және жылдамдығымен ерекшеленетін Zep Compatible жаңа күн элементтерін шығару мүмкін болды. Модульдің қуаттылығы 255 Вт/250 Вт құрайды.

Біз, орнату барысында көп күшті қажетсінбейтін сапалы жаңа өнім дайындауға мүмкіндік беретін технологиясы бар Zep Solar компаниясымен ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз. Бұл тек бастамасы болатынына үміттенеміз. Жақын арада біздің бірлесіп жасаған өнім әлемдік нарыққа шығарды. Zep Solar дайындамалары біздің жаһандық ықпалымызбен және нарыққа шығуымызбен Zep Compatible модульін бұқаралық көлемде күшейтуге көмектеседі- Мик МакДаниэль АҚШ-ғы Suntech өкілдігінің бас директоры.

Suntech қазірдің өзіңде Zep Compatible жылдам орнатылатын фотоэлектрлік модуліне тапсырыстар қабылдауды бастады. Сатылымның басталуы 2014 жылдың бірінші тоқсанына жоспарлануда. Алғашқыда модульдер Солтүстік Америкада қол жетімді болады.

Ақпарат көзі: greenevolution.ru

«« | »»
Соңғы жаңалықтар