EXPO-2017

ҚазМемҚПУ-дің 70 жылдық мерейтойына арналған эстафеталық марафонына Е. Ыбырайымов пен М. Манеза қатысты

24.10.2013

6056

Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған «Өткеннің өнегесі - бүгіннің баға жетпес байлығы» тақырыбында эстафеталық марафон өтті.

«70 жылдыққа - 70 шара» ұранымен басталған тойдың алауын ТМД аумағындағы қыздарға арналған жалғыз жоғары оқу орнының ректоры Динар Нөкетаева жақты. Алғаш болып мерейтой алауын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазына Аймағанбетқызы алып, әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің ардагер ұстаздарына табыс етті. Одан кейін жалынды жастардың қолдауымен факел Ә. Шәріпов көшесінің бойымен өнер және мәдениет, қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеттерінің ұстаздарына табыс етілді. Аталмыш факультеттің деканы педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Сәтбекованы 1958 жылы ашылған оқу ғимаратының алдында Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов қарсы алды.

«70 жылдық мерейтой құтты болсын! Салауатты өмір салтын ұстанған Қыздар университеті жасасын!» деген жалынды ұранмен бастаған боксшы Ермахан алауды ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасының чемпионы Майя Манезаға табыс етті. Эстафеталық марафон кезінде әрбір оқу ғимараттарының алдында «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдерінің концерті қойылып, Қыздар университетінің өнерлі студенттері мерекенің көркін қыздыра түсті. Сондай-ақ мерекелік отшашу шашылып, әуе шарлары аспанға ұшырылды.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар