КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
EXPO-2017
18.10.2013  Мемлекет басшысы кеңес барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне қаржыландырудың өзге көздерін тартудың маңыздылығын атап өтті

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға бүкіләлемдік көрме өтетін алаң ретінде таңдау түскен кезден бастап бір жылдай уақыт өткенін, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысын қарап, тіркеу мәліметін әзірлеп, өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді шешкен жөн екенін айтты.

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне қаржыландырудың өзге көздерін, соның ішінде корпоративтік қатысушыларды - әлемдік деңгейдегі компанияларды тартудың маңыздылығын, мұның көрмеге дайындық жасау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс екенін атап өтті. Бұған қоса, Қазақстан Президенті дәл осы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаңа жоғары технологиялық әзірлемелер таныстырылымын өткізу қажеттігіне тоқталды.

- Мен бірінші күннен көрмені өткізуде ысырапқа жол берілмеуін айтып келемін. Осы орайда салынған барлық инфрақұрылымның көрмеден кейін де пайдаға асуы маңызды мәселе болып қала бермек. Көрме еліміздің әр азаматына қолжетімді болып, оны аралап шығуларына мүмкіндік жасалуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы интернеттегі, әлеуметтік ресурстар мен БАҚ-тағы тиімді және шығын аз жұмсалатын жарнама есебінен алға қойған міндетті орындауда ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыруда жаңашыл қадамдар қажеттігіне назар аударды.

Кеңес барысында Премьер-Министр көрмеге дайындық Мемлекет басшысының тапсырмасына және Ұлттық жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады, сондай-ақ барлық аталған мәселе Үкімет пен Ұлттық комиссияның ұдайы бақылауында екеніне тоқталды.

Қоршаған ортаны қорғау министрі көрменің жалпы аумағы 173 гектар болатынын және онда әртүрлі инфрақұрылымдық нысандар орналасатынын баяндады. Бұған қоса, көрменің аумағы Астананың орнықты энергетиканы дамыту жөнінде көшбасшы болуына мүмкіндік беретін үшінші индустриялық революцияны іс жүзіне асыратын әлемдегі бірінші ауданға айналмақ.

Кеңес соңында Мемлекет басшысы Adrian Smath + Gordon Gill Architecture компаниясы әзірлеген көрме кешенінің архитектуралық эскизін мақұлдады.

Источник: inform.kz

2690
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019