EXPO-2017

Украина Сыртқы істер министрі Л.Кожараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры атағы берілді

16.10.2013

5643

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Украина Сыртқы істер министрі - ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Леонид Кожар келді. Ол аталған білім ордасының магистранттары, докторанттары және оқытушы-профессорлық құрамымен кездесу өткізді.

Кездесуді ашқан академия ректоры Болатбек Әбдірасылов Қазақстан мен Украинаны екі ел арасындағы ежелден келе жатқан ынтымақтастық байланыстыратындығын атап өтті. «Леонид Александрұлы, сіз өзіңіздің тығыз жұмыс кестеңізге қарамастан біздің академияға келіп, оқытушы-профессорлық құраммен кездесу өктізгеніңіз үшін алғыс білдіремін. Менің ойымша, бұл - біздердің, Қазақстан мен Украинаның, қазақ-украин халықтарының арасындағы жақындастық көрсеткішінің бірі»,- деді ол.

Өз кезегінде Украина Сыртқы істер министрі жиналғандар алдында «Украинаның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы. Украина халықаралық аренада. Қазақстандық-украиндық ынтымақтастық басымдықтары» тақырыбында дәріс оқыды. Ол өз дәрісінде ЕҚЫҰ-ның қазіргі міндеттері мен Украина төрағалығымен өткізілген іс-шаралар жайында толық мәлімет берді. Сонымен қатар Киевтің негізгі сыртқы саяси басымдықтары жайында сөз қозғап, Қазақстан-Украина екі жақты ынтымақтастығының негізгі бағыттарына тоқталды.

Дәріс аяқталғаннан кейін Л.Кожараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры атағын беру туралы диплом тапсырылды.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар