EXPO-2017

Ғалымның пікірі: Ы.Ташполотов: Астанадағы ЭКСПО-2017 Орталық Азия ғалымдарына өз еңбектерін ұсынуға мүмкіндік береді.

11.10.2013

6259

Көптеген қырғызстандық ғалымдардың жаңа дайындамалары қаржыландырудың жоқтығынан өндірісте қолданылмайды- деп мәлімдеді Ош ғалымы физика-математика ғылымдарының докторы Ысламидин Ташполотов.

АКИpress-Ош баспасына хабарлағандай «ЭКСПО-2017 істеген еңбектерімізді көрсетуге біздің де мүмкіндігіміз болады және біздің өнертабысымызға қызығатын инвесторлар табылады».

Ол, сонымен қатар «Болашақтың энергиясы» атты іс-шара тақырыбының өзектілігін айтады.

Оның пікіріне сүйенетін болсақ, Қазақстанның Астана қаласында ЭКСПО-2017 іс-шарасын өткізу 2017 жылдың 10-маусымынан бастап 10-қыркүйегіне дейін болады. Онда шамамен 100 мемлекет және 10 халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде. Көрме өткізуге арнайы 113 гектарлық аумақ бөлінді, сонда көрмелік павилонның өз аумағы 25 гектарды құрайды.

«Ғалымдардың көпшілігі қалпына келтірілетін көздерден энергия алудың тәсілдерін зерттеуде. Басқа шетелдерде қалыпты энергияның 10%-20% пайызын қалпына келтірілетін энергия көздеріне алмастырған, осы бағытта бізде де үлкен мүмкіндіктер бар, егерде күн энергиясымен, сулы көмір жанар майын қолданатын болсақ», - деп айтады говорит доктор физико-математематикалық ғылымдардың докторы.

Ташболатовтың айтуынша, «ЭКСПО-2017 Астана» әлемнің алдынғы қатарлы мемлекеттерінің тәжірибелерін қолдануға және осы бағытты білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

«Ешнәрсесіз жағуға болатын, ешнәрсесіз жүргізуге болатын жанармайсыз энергетиканың дайындамасы бар, бірақ бұл туралы ешкім айтпайды, құпияды ұсталуда, ал көрме барысында біздің бұларды көру мүмкіндігіміз бар»,─ деп өзінің ойларымен бөлісті.
Профессор осындай іс-шараның Орталық Азияда өткізудің маңызыдылығы бар атап өтті. Оның пікірінше, «ЭКСПО-2017 Астана» көрмесі орталық азия аймағының көптеген ғалымдарына өз зерттемелерін өмірге енгізуге және барлық аймақта ғылымның дамуына жаңа серпін мен мүмкіндіктер береді.

Бүкіл Дүниежүзілік көрме» атты жаһандық іс-шара немесе World Expo ең алғашқы рет Лондондағы Бүкіл Дүниежүзілік көрме бері, 1851 жылдан бастап әлемнің әр мемлекеттінде өткізіліп келеді. Іс-шараның басты мақсаты- дамудың ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер мен келешегін көпшілікке көрсету.

Бүкіл дүниежүзілік көрме бес жылда бір өткізіледі, ал мамандандырылған көрмелер, солардың бірі «ЭКСПО-2017» - бүкіл дүниежүзілік көрмелердің аралығында өткізіліп отырады.

Сонымен, 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросы 161 мүше мемлекеттері өкілдерінің Бас Ассамблеясының 152-отырсында құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы, Астана көпшілік дауыстарды жинап, «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілу орны болып анықталды.

Дауыс беру нәтижесін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрсетілген қолдау үшін барлық мемлекеттердің басшыларына және «ЭКСПО-2017» өткізу үшін сенім атрқандарына алғысын білдірді.

«Біз өзімізге берілген тарихи жауапкершілікті толығымен сезінеміз. ЭКСПО ең алғаш рет алып евразия континетінің жүрегінде өткізіледі.», - деп мәлімдеді Қазақстан басшысы.

Ол көрменің ең жоғарғы деңгейде өтуі үшін Қазақстан барлық күшін салатын мәлімдеді.

«Біз көрменің қызық өтуі үшін сіздердің ұсынған ұсыныстарыңыздың барлығын ескеріп , барлық күшімізді саламыз», - деп айтты Назарбаев және барлық келемдеушілерді Қазақстанды көруге шақырды.

Энергетика мен экология мәселелерінің ерекше маңыздылығын ескеріп, Қазақстан көрмені өткізту үшін «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсынды. Аталған тақырып энергиямен қамтамасыздандыру және энергияның баламалы көздерін енгізу мәселелеріне кеңінен арналады.

«ЭКСПО-2017» ең алғаш рет ТМД аумағында Астанада өткізіледі.

Ақпарат көзі: osh.akipress

«« | »»
Соңғы жаңалықтар