КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
 
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ауа райы және валюта бағамы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
EXPO-2017
09.10.2013  Отандық ғалымдардың зерттеулері ЭКСПО-2017 жобасында қолданылатын болады.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев «Мирас» журналында жарияланған сұхбатында ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесінің тақырыбын дайындауда қазақстандық ғалымдар белсенді қатысады деп мәлімдеді.

Талғат Ермегияев айтқандай, ЭКСПО-2017 қалашығының ортасында отандық ғалымдардың өз бейнесін табатын ғылыми зерттемелерін табатын Қазақстанның павильоны орналасады. Назарбаев университеті жанындағы NURIS ғылыми орталығының базасында энергияның балама көздерінің саласында дайындамалар үшін алаң құрылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Талғат Ермегияев көрмені қолдау бойынша іс-шара Астана да және Қазақстанның барлық аумағында жалғасатындығын хабарлады. «ЭКСПО – бұл ұлттық ауқымдағы жоба, барлық ірі форумдар мен конференциялар ЭКСПО-мен және оның тақырыбымен байланысты». Іскерлер, ғылыми, студенттік, азаматтық қоғам Халықаралық көрмеге қатысуға қызығушылық танытуда. Сондықтан кез-келген іс-шара ЭКСПО-2017 қозғайды. Жыл сайын Астанада «Болашақтың энергиясы» атты конференциялар мен симпозиумдар өткізілетін болады. Бұл тақырыптық алаң мемлекетке баламалы энергетика, сонымен қатар «жасыл технология» саласында халықаралық сарапшыларды тартуға көмектесетіндігін атап өтті басқарма төрағасы.

Сонымен қатар, олар болашақтың энергиясы бойынша Қазақстанды халықаралық саммиттерде және форумдарда көрсететін болады. Осының барлығы «жасыл» энергетика саласында ғылыми әлеуетті көтеруге, стратегиялық серіктестікті реттеуге мүмкіндік береді.Бұл сонымен қатар, алдымыздағы ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтуға, Астанадағы көрмеге шетелдік туристтерді және мамандарды шақыруға жақсы мүмкіндік болады.

«Көрмені қолдау мақсатында мемлекетте роудшоу үлгісіндегі ірі іс-шаралар, ауқымды акциялар мен форумдар өткізу жоспарлануда. Барлық қызықтар әлі алда.

ЭКСПО-2017 – бұл қонақтарға әлемнің әртүрлілігін және мәдениеттер диалогын ұсынатын бірегей оқиға.Біздің күтуіміз бойынша2017 жылы Қазақстандағы ЭКСПО көрмесінің үш ай мерзімінде миллиондаған қонақтардың назарына әртүрлі мәдени және ойын-сауық іс-шаралары ұсынылатын болады. Күн сайын 93 күн бойына ауқымды шоулар, тақырыптық мерекелер, сахналық өнердің танымал фестивалдері, концерттер, көркем көрмелер, театрлық қойылымдар және де басқа мәдени іс-шаралар болатындығын», - Талғат Ермегияев атап өтті.

Ақпарат көзі: www.zakon.kz

2642
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013