КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
EXPO-2017
09.10.2013  Германия елі Астана ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысуға қызығушылығын білдірді

Үстіміздегі жылғы 3-ші қыркүйекте ҚР ГФР-дағы Елшілігі және Герман Бундестагының Экономика және технологиялар Комитеті бірлесіп өткізген «Қазақстан Астанадағы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өзін экономикалық және туристік орталық ретінде көрсетеді» атты экономикалық форумы қазақ-неміс қарым-қатынастарының тарихындағы жарқын да есте қаларлық оқиғалардың бірі болды.

Аталған шара Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германияның Канцлері Ангела Меркель дәстүрлі түрде серпін беріп отыратын екі мемлекет арасындағы қарышты қатынастардың одан әрі өсуінің куәсі болды. Олардың 2012 жылдың ақпанында Берлиндегі кездесу барысында қол жеткізген уағдаластықтары екіжақты нақты жобалардың іске асырылуы арқылы өздерінің лайықты жалғасын тапқанын айта кету қажет. Осылайша, қазіргі кезде шикізат, өндіріс және технологиялар салаларындағы серіктестік пәрменді түрде дамып, ГФР-дың кәсіби-техникалық дуалды білім беру жүйесін Қазақстанға енгізу барысында белсенді жұмыстар жүргізіле басталды. Германия Еуроодақ елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу жөніндегі Астананың кандидатурасын қолдады және осындай көрмені 2010 жылы Ганноверде өткізудегі өзінің мол тәжірибесін пайдалана отырып, елімізге көрмені ұйымдастыру және өткізу барысында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Неміс сарапшыларының пікірінше, Германияның ең жоғарғы заң шығарушылық органында біздің елге арнап өткізіліп отырған осы шара екі мемлекет арасындағы қатынастардың жоғары деңгейін растай отырып, сонымен қатар Еуроодақтың көшбасшысы және экономика жағынан әлемдегі үшінші орындағы елдің Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі рөлі мен маңызын мойындайтынын білдіреді.

Осы Форумға екі елден қатысқан делегациялар өкілеттілігінің жоғары деңгейін атап өту қажет. Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму Комитетінің мүшесі Асхат Бекенов, ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі Альберт Рау, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқармасының Төрағасы Талғат Ермегияев, ҚР ИЖТМ-нің Туризм өндірісі Комитеті Төрағасының орынбасары Данияр Бектібаев және басқалар болды.

Германия Федеративтік Республикасы тарапынан негізгі баяндаманы СІМ Мемлекеттік министрі Корнелия Пипер, Бундестагтың Экономика және технологиялар Комитетінің Төрағасы Эрнст Хинскен, Экономика және технологиялар Министрлігінің Парламенттік статс-секретары Эрнст Бургбахер, Бундестагтың Туризм және спорт Комитетінің мүшесі Юрген Климке және басқалар жасады. Шараға барлығы 200-ге жуық қонақтар, олардың ішінде депутаттық корпустың өкілдері, Германияның мемлекеттік органдарының басшы қызметкерлері, қоғамдық, саяси және іскер топтарының, сондай-ақ ГФР БАҚ өкілдері қатысты.

Неміс тарапы екі мемлекет басшылары кездесулерінің тұрақты кездесулері қолдап отырған екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ ГФР-дың Орталық Азиядағы маңызды серіктесі деп қарастыратын Қазақстанмен кең көлемді саяси-экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын баса көрсетті. Неміс баяндамашылары атап өткендей, қазақстандық экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ елдегі тиімді инвестициялық ахуал экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өсуінің нақты алғышарты болып табылады.

К.Пипердің пікірінше, біздің еліміз Германияның осы өңірдегі маңызды одақтасы және ТМД кеңістігіндегі ең басты сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Неміс дипломаты екі ел арасындағы шикізат және технология салаларындағы серіктестіктің кеңейуін, сондай-ақ ГФР-дың кәсіби-техникалық дуалды білім беру жүйесін Қазақстанға ендіру барысын қолдады.

Э.Хинскен өз тарапынан Германия өзінің жинақтаған тәжірибесі мен қаржы және технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, ҚР-мен ұзақмерзімді экономикалық ынтымақтастыққа, атап айтқанда, индустриаландыру бағдарламасын іске асыруға және Астанадағы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге мүдделі екенін атап өтті.

Экономика және технологиялар Министрлігінің Парламенттік статс-секретары Э.Бургбахер де дәл осындай ойын білдірді. Ол неміс және қазақ іскер топтарын Шикізат, өндіріс және технологиялық серіктестік туралы Келісімді белсенді түрде жаңа жобалармен толтыруға шақырды. Оның пікірінше, қазіргі кезде, жаһандық экономиканың жаңа жағдайында «шикізатты алдыңғы қатарлы технологияларға айырбастау» формуласы бұрын-соңды болмаған сұранысқа ие.

Депутат Ю.Климкенің ойынша Қазақстанда қайталанбас табиғат тамашалары, тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан, олар біздің елде туризм экономикасын дамыту үшін мықты негіз бола алады. Осыған байланысты баяндамашы іске асырылуы Қазақстанға өзін туризмнің және туристік бизнестің Халықаралық орталығы ретінде көрсетуіне мүмкіндік беретін бірқатар жобаларға назар аударды. Ю.Климке Қазақстанда табысты түрде пайдалануға болатын Германияның осы бағыттағы тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне тоқталды.

Өзінің құттықтау сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Р.Жошыбаев екі ел арасындағы тығыз саяси диалог пен екі жаққа да тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты өсуіне баса назар аударды. Қазақстандық дипломаттың сөзінше, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Германияға және ГФР Канцлері А.Меркельдің 2010 жылғы Қазақстанға сапарлары екіжақты қатынастардың өзара сенімге толы нышанын растап, оларды жаңа стратегиялық серіктестік деңгейге көтерді. Р.Жошыбаев ҚР инвестициялық саясатының негізгі басымдылықтарын көрсете отырып, неміс іскер топтарын Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін дайындау және өткізу үдерісіне белсенді түрде қатысуға шақырды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Бекенов неміс әріптестеріне осы Форумды ұйымдастырғандары үшін алғысын білдіре отырып, өз баяндамасында екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың табысты түрде кеңейіп келе жатқанына назар аударды. Оның сөзінше, мысалға, екі ел парламенттерінде парламенттік достық топтары бар, олар бір-бірімен тұрақты қызметтік байланыста. 2011 жылғы Бундестагтың Төрағасы Н.Ламмерттің Қазақстанға және 2012 жылғы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллиннің Германияға сапарлары өзара әрекеттестікке тиісті серпін берді.

Индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі А.Рау қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасының дамуы және ҚР мен ГФР арасындағы саяси-экономикалық қатынастардың өзекті салалары туралы кең көлемді баяндама жасады. Ол екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық нышанын атап өтіп, экономикалық және инвестициялық әрекеттестіктің қысқа және ортамерзімді болашақтағы басымды салаларына тоқталды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқармасының Төрағасы Т.Ермегияев жиналғандарды Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысында неміс компанияларына ашылар жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы баяндап, жасалып жатқан жоба жоспарлары мен техникалық сұраныстар тұрғысынан көрменің таныстырылымын өткізді. ҚР ИЖТМ-нің Туризм индустриясы Комитеті Төрағасының орынбасары Д.Бектібаев шараға қатысушы қонақтарды Қазақстанда туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен таныстырып, герман бизнесінің қызығушылығын туғызуы мүмкін, болашағы мол жобалар туралы айтып берді.

Баяндамалар қорытындысында қатысушылар арасында қызу пікір-талас өтті. Қазақстандық делегация мүшелері неміс қатысушыларын қызықтырған сұрақтар бойынша тиянақты және толық жауаптар берді.

Осындай Қазақстанға арналған шара неміс тарапының бастамасымен Бундестаг қабырғасында екінші рет өткізіліп отырғанын айта кету қажет. 2012 жылғы сәуір айында ҚР үкіметтік делегациясының қатысуымен біздің еліміз Бундестагта алғашқы рет билік басындағы ХДО/ХӘО коалициясының Бүкіл германдық үшінші Шикізат туралы конгресінің құрметті қонағы ретінде таныстырылып, екі ел арасындағы шикізат және технологиялар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерінің таныстырылымы өткізілген болатын.

Германияның Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі екендігі анық. Германияға Қазақстандық мұнай тасылымының қысқартылуына қарамастан екі мемлекет арасындағы тауар айналысы 2012 жылы 6 миллиард евроға жуық болды. Неміс статистикасына сүйенсек, 2013 жылдың алғашқы бес айында екіжақты тауар айналымының көлемі 2 миллиард евродан асып түскен. Қазақстан герман экономикасының Орталық Азиядағы басты серіктесі болып қала беруде. Германияның Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ мемлекеттерімен сыртқы саудасының 85 пайызы біздің еліміздің үлесіне тиеді, сонымен қатар Қазақстан Германияға мұнай жеткізуші елдердің арасында 6-шы орын алады. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 1200-ден аса экономикалық және қаржы құрылымдары тіркелген.

Қазақстандық делегацияның үстіміздегі жылғы 3-4 қыркүйегіндегі Берлинге сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқармасының Төрағасы Талғат Ермегияевтың энергияның балама көздерін өндіру және технологиялар саласында мамандырылған, «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрме жобаларын іске асыруға қызығушылық білдірген көшбасшы неміс компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулері өткізілді. Келіссөздер барысында бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Ақпарат көзі: expo2017astana.com

3451
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019