EXPO-2017

Болашақ энергиясы: сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер

09.10.2013

7181

2013 ж. 8 қазан сағат 13:30-да Тәуелсіздік сарайында «Болашақ энергиясы: сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбына пікірталас өтеді. Аталған сессия ұйымдастырушылары Астана EXPO-2017 және «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы болып табылады.

Пікірталасқа кәсіби дебатерлерден және үздік мамандардан құрылған қатысады. Пікірталас негізгі мақсаты топтардың қарарды қолдауы, немесе оны теріске шығаруы болып табылады. Төреші өз ұстанымына сендіре алған топты жеңімпаз ретінде жариялайды. Жеңімпаз-топ ақшалық жүлдеге ие болады.

Пікірталас мақсаты жастар назарын энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы сын-қатерлерге аудару; тұрақты энергетикалық болашаққа өтудің мүмкіндіктері мен қиындықтарын пысықтау; энергоресурстармен және экологиялық қауіпсіздікті күшейтумен қамтамасыз ету; ғаламшардың энергетикалық саласын одан әрі дамыту жолдарын және «жасыл» технологияларды енгізу қажеттілігін талқылау болып табылады.

Жастар пікірталасы екінші жыл қатарынан өткізілуде және ЭКСПО-2017 мен KAZENERGY үшін жақсы дәстүрге айналды. Ұйымдастырушылары KAZENERGY Білім беру бағдарламасы және Жастар комитеті болып табылатын KAZENERGY Халықаралық Жастар форумы жыл сайынғы KAZENERGY Еуразиялық форумы шеңберінде өткізілуде. KAZENERGY Еуразиялық форумы – 200-ден астам Қазақстанның жас лидерлері, сондай-ақ энергетикалық сектор, бизнес және мемлекеттік билік өкілдері қатысатын ірі халықаралық оқиға.

Іс-шараға қатысу үшін төмендегі ресми сайтта http://www.kazenergyforum.com тіркелу қажет.

Ақпарат көзі: expo2017astana.com

«« | »»
Соңғы жаңалықтар