EXPO-2017

EXPO-2017 көрмесінде 100 мемлекеттің павильоны пайда болу мүмкін.

09.10.2013

6542

Астанадағы EXPO-2017 көрмесінде 100 мемлекет өздерінің павильондарын ашуы мүмкін – деп ҚР Қоршаған орта министрі Нұрлан Қаппаров мырзаның сайтына сілтеме жасап, Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

«Біз Қазақстанда, сонымен қатар шетелдерде EXPO-2017 жұмысын түсіндіру бойынша кең көлемді акцияны бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл шараның не екендігі туралы айтуымыз керек, шетелдерден қонақтар тарту үшін жұмыстар жүргіземіз. Белсенді ақпараттық-насихаттық жұмыстар болады. Өздерінің павильондарын ашу үшін біз 100 мемлекетті сендіруіміз керек. Сонымен қатар ірі корпорациялардың осында өз павильондарын ашқанын қалаймыз» - ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметіндегі брифингте Қаппаров мырза хабарлады.

Оның айтуынша, EXPO-2017 көрмесінде әлемнің 100 мемлекеті «жасыл» энергетика саласындағы өздерінің ең жақсы жетістіктерін көрсетуге бағытталған болып табылады.

«Көрмеге қатысты айтатын болсақ, біз дайындығы .(...) бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біз ең жақсы архитектуралық компанияларды таңдау бойынша жиынтық өткіздік, сонымен қатар көптеген адамдар осы жұмыстарды келіп көрді. Нәтижелерін жариялағаннан кейін, біз құжаттың техникалық-экономикалық және жобалық-сметалық негіздемелеріне кірісеміз. Уақыт бойынша аталған жұмыс 2013 жылдың соңына дейін созылатын болады. Сәуір айында EXPO алаңында құрылыс жұмысын жүргіземіз деп үміттенеміз» - деп министр айтты.

Сонымен қатар ол EXPO нысандарының құрылыс алаңы 1,5 миллион квадрат метрді алатынын атап өтті.

«Бізге жемқорлықты азайту үшін заң қабылдауымыз керек. Ең соңғы әдістер бойынша «жасыл» құрылыстың соңғы технологиялары қолданылатын 1,5 миллион квадрат алаңды құруымыз керек, сондықтан бұл өте жылдам бекітуді талап етеді.»- Қаппароы мырза атап өтті.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар