EXPO-2017

«НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫ: Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы экономикалық юриспруденцияның ролі»

20.11.2014

8148

2014 жылдың 27-28 қарашасында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне байланысты

«НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫ: Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы экономикалық юриспруденцияның ролі»тақырыбында ІІІ республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.

«Экономика»-сөзі ертедегі Греция және Египет елдерінде туындаған “эконом” ұғымынан шыққан. Демек,“эконом – әр түрлі шаруашылық істерін жүргізетін мемлекеттік немесе жартылай өкілетті...” демек, “эконом – государственный или частичный уполномоченный, ведавший всякого рода хозяйственными делами...” - деген ұғымды қамтыған.[Гладкий В.Д. Древний мир. Энциоклопедический словарь в 2-х томах. Донецк: МП Отечество, 1997. С-291. 2-том]

Ал француз тілінен алынған: “юриспруденция” ұғымы – “қоғамның саяси жүйесін, мемлекеттің қызметін және құқықтық ұйымдастыру түрлері мен әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретіндегі құқықтылықты зерделейтін заң ғылымы”- екендігін айқындайды. Демек, «юриспруденция – юридическая наука, изучающая право как особую систему социальных норм, правовые формы организации и деятельности государства и политические системы общества в целом.» [Оксфордская иллюстрированная энциоклопедия. 7 том Народы и культуры. Москва: ИФРА-М, 2002. С-335]

«Экономика» және «юриспруденция» сөздерін біріктірсек, «экономикалық юриспруденция» ұғымы қалыптасады. Экономикалық юриспруденция – экономикалық заңнамалар арқылы экономикалық қатынастарды, мүдделерді қорғайтын, теориялық ғылыми тұрғыдан зерделейтін гумандық құқықтық сала. [Ерали А., Баймуратова К. Авторлық куәлік №352. 14.03.2014ж.]

Тәуелсіз Қазақстанда «экономикалық юриспруденция, экономикалық заңдар, экономикалық құқық» ұғымдарының, алғашқы ресми нышандық негізін салған, Қазақстан Республикасы Президентінің«Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты туралы» 16.01.2001 жылғы № 535 Жарлығындағы,«экономикалық соты» деген сөздер болатын.

Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы Жолдауында «ескірген немесе сұранысы жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұранысы көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет» деген сөзіне сәйкес, экономиканы заң жағынан қолдайтын жаңа инновациялық экономикалық құқықтық пәндермен қамтитын «экономикалық юриспруденция» мамандарын дайындау - бүгінгі уақыт талабы мен қоғам сұранысы.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Тұңғыш Президент күні мәртебесіне орай дәстүрлі түрде үшінші рет өткізілгелі отырған республикалық ғылыми-теориялық конференция, тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың 2005 жылы 14 қыркүйекте «алдымен экономика» деген қағидалы сөзіне юриспруденция ұғымымен қолдау жасау болып табылады.

Конференцияның мақсаты қалыптасқан жаңа Қазақстанның 2050 экономикалық даму бағытына қарай, құқықтық мемлекетті орнықтыруда, жаңа инновациялық мамандық «экономикалық юриспруденцияның» қалыптасуын ғылыми-теориялық тұрғыда тұжырымдау, сондай-ақ болашақ экономикалық заңгерлерді дайындаудың кәсіби білім беру потенциалын негіздеу. Коммерциялық заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің экономикалық мүддесін қорғайтын экономикалық заңгерлерді, жаңа экономикалық юриспруденциялық пәндермен оқытатын «экономикалық юриспруденция» мамандығын жоғарғы оқу орындарында дайындауды ендіруге доктриналды талқылау негізінде ұсыныс жасау.

Конференцияға республикамыздың жоғарғы оқу орындарының құқықтану және экономика мамандығы бойынша профессор-оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері қатысады. Конференция жинағы 2015 жылдың қаңтар айында шығарылады.

Конференция бағыттары:

1. Тұңғыш Президенттің экономиканы дамытуға бағытталған қағидаларына сәйкес, экономикалық заңдармен оқытылатын заңгерлерді дайындау проблемалары

2. Ескірген құқықтық пәндерді жаңа инновациялық экономикалық юриспруденция пәндерімен ауыстыру мәселелері

3. Экономикалық мүдделерді қорғайтын заңгерлерді дайындауда экономикалық-инновациялық пәндерді оқыту

4. Экономика пәндерін және экономикалық құқық пәндерін оқытатын оқытушы-профессорларды дайындаудың басым бағыттары

5. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуындағы экономикалық заңгерлерді дайындаудың маңыздылығы

6. Экономикалық заңгерлерді дайындаудың халықаралық тәжірибелері

Дереккөзі: iktu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар