КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
 
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ауа райы және валюта бағамы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
EXPO-2017
17.11.2014  Қазақстанның ЖОО-лары Б. Ельцин атындағы УрФУ-мен бірлесе «ЭКСПО-2017» көрмесіне жобалар экспозициясын әзірлейді

Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Ельциннің атындағы Урал федералдық университеті Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен бірге «ЭКСПО-2017» көрмесіне жасыл технология мен энергетика саласында жобалар экспозициясын даярлайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне аталған оқу орнының ректоры Виктор Кокшаров айтты.

«Біз өз тарапымыздан аталған салада көптеген жобаларды ұсына аламыз. Бүгінде Қазақ ұлттық техникалық университетімен, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен өзара іс-қимылдарды бастап отырмыз. Атап айтқанда біз «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалып жатырмыз. Жасыл технология мен энергетика саласында бірлескен жобалардың экспозициясы әзірленеді», - деді ректор бүгін Астанадағы «Эксперт-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің алтыншы экономикалық форумы барысында.

Оның сөзіне қарағанда, ресейлік тарап Қазақстанға дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану бағытындағы жобаларды ұсынды.

«Біздің Урал энергетика институты бірқатар қазіргі заманғы жобаларды ұсынуда, оның ішінде құбырлар элементтерін тазарту, радиациялық материалдар мен қалдықтардан цистерналарды тазарту және басқа да ұсыныстарымыз бар. Сонымен қатар бізде дәстүрлі емес энергия көздері, оның ішінде толқынды, жел энергетикасы бағытында жобалар бар», - деп тоқталды В. Кокшаров.

Мұнымен қоса ол университет жобалар бойынша өзара тиімді негізде бірлесе ынтымақтасып жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан бүгінде уран өндірісінде әлемде бірінші орынға шығып отыр. Сонымен қатар сіздерде атом энергетикасын дамыту бойынша жоспар бар. Мұнымен қоса елдеріңіз энергетикалық уран шығаратын Урал электрохимиялық комбинатының тең иегері болып танылды. Осы орайда Ресейде ірі университеттің бірі ретінде біздің оқу орнымыз бұл салаларда ынтымақтасып жұмыс істеуге қауқарлы», - деді ректор.

Автор: Руслан Ғаббасов

Дереккөзі: inform.kz

3260
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013