EXPO-2017

ЭКСПО көрмесінен кейін Астананың келбеті мүлдем өзгеше болады – Президент

13.11.2014

9185

Қазақстан Президенті халыққа арнаған Жолдауында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінен кейін Астананың келбеті мүлдем өзгеше болатынын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі, бізден үйренгісі келеді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын 2016 жылы атап өтеміз. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткіземіз. Бұл екі үлкен белес. 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесі біздің Астанамыздың келбетін мүлдем өзгертеді, басқа қала болады, бүгінгіден де гүлденіп, өркендей түседі. Бұл екі маңызды іс-шараны табысты өткізу біздің алдымыздағы үлкен міндет. Бұл да еліміздің әлеуетін әлемге паш ететін оқиғалар болады», - дейді Қазақстан Президенті.
«Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға бүгінгі жариялаған «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда үлкен табыстар тілеймін», - деп қорытты Елбасы өз сөзін.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар