EXPO-2017

Жылуды жер қойнауынан алуға болады

07.10.2014

8031

Семейлік Дана Сәулебекова қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерді жердің геотермальды энергиясы көмегімен жылыту тәсілін ойлап тапты.
Оқушы қыз өзінің бұл жаңалығын «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынбақ. Ол тың туындысын жақында ғана Астанада Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының арасында өткен ғылыми жобалар фестивалінде көпшілік назарына алғаш рет ұсынды. Дана ойлап тапқан жаңалығының көмегімен семейліктердің жырға айналған жылу мәселесін бір жола шешпек. Жаңа жүйенің жұмысы да қарапайым. Ол үшін тек жер асты суын соратын қондырғы мен Пельтье элементі болса болғаны. Жүйеде су айналымы пайда болып, пәтерлерді жылытады. Өйткені жер асты су көздері 8 градус жылы болады. Жобаның тағы бір ерекшелігі, жаздыгүні салқындатқыш ретінде қолдануға болады екен. Бұл бір жағынан қоршаған ортаға мүлдем залалын тигізбейді дейді жас өнертапқыш.

Дана Сәулебекова, Өнертапқыш:
-Электр стансасы шығындарын қала шығынын,адамдардың төлейтін қаражатын да есептеп көрдім.Сол кезде көптеген соммада ақшалар шықты.Соларды көріп мен өзім қатты таң қалдым. Өзекті мәселені жасау керек екеніне бел будым.
Замира Мамәділова, Жоба жетекшісі:
-Бұл арзан, біріншіден. Қазір интернет жүйелерінде бір Пельтье элементі 900 теңге тұрады. Оның 8 элементін сатып алуға болады. Және үш есе тиімді. Көмірге қарағанда үш есе аз ақша кетеді. Екі бөлмелі үйге.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар