EXPO-2017

EXPO 2017 «Энергетика чемпиондары» байқауын жариялады

25.06.2014

7490

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ энергетика саласындағы үздік стартап-жоба бойынша республикалық байқауды жариялады.
Байқаудың басты мақсаты Қазақстанда жаңа технологиялық компанияларды дамыту үшін бастапқы нүктеге айнала алатын стартап-жобаларға қолдау көрсету.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқауға қатысу үшін байқаудың сайтында онлайн тәртіпте өтінішті толтырып, жобаның таныстырылымын pdf форматта қоса жіберу керек.

Өтініштер 2014 жылдың 25 маусымынан бастап 1 тамызына дейінгі аралықта қабылданады. Қазылар алқасының құрамына энергетика саласындағы ғалымдар, кәсіпкерлер мен кеңес берушілер кіріп отыр, олар 10 финалисті анықтайды. Тамыздың ортасына қарай олардың есімдері белгілі болмақ.

Ал байқаудың жеңімпаз-жобасы 2017 жылы ЭКСПО көрмесінде таныстырылады. Байқаудың жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды.

«Астана EXPO 2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Александр Суворов:
- Бүгінгі күні адамзат қуат үнемдеуші технологияларды және жаңартылмалы баламалы қуат көздерін дамыту қаншалықты маңызды екені түсініп отыр. Климаттың өзгеруі секілді басқа да көптеген мәселелерді шешу үшін инновациялық тәсілдер қажет. Энергетика – елдердің және жалпы адамзаттың стратегиялық дамуының негізгі бір тетігі мен үрдісі. Қайта жаңармайтын қорлар, қуат көздері қазіргі күні аса тиімді емес, әлемдегі экологиялық жағдайға кері ықпалын тигізуде және қуат түрлеріне қойылатын заманауи талаптарға жауап бермейді. Байқауға қатысушылардың ең озық идеялары көзге түседі деп және біздің байқау Қазақстанда жаңа технологиялық компаниялардың дамуына өз үлесін қоса алатын адамдар үшін бірегей мүмкіндікке айналады деп үміттенеміз, - дейді.

Айта кетейік, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде өтінімде мәселенің және оны шешу жолдарының сипаты, артықшылықтары мен пайдасы, қаржылық есебі секілді өлшемдер бойынша бағаланса, екінші кезеңінде жоба авторы өз жобасын таныстырып, оны жүзеге асырудың ойластырылған кезеңдерін ұсынуы тиіс.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «Энергетика чемпиондары» байқауын 2014 жылдың 16 тамызында қорытындылайды.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар