EXPO-2017

Қазақстан ғалымдары қышқылсүтті бірегей сусын жасап шығарды

25.04.2014

6389

SIMB-A деп аталатын жаңа өнімнің негізі лакто мен бифидобактериялы симбиотиктен жасалған. "Global Technology Network" (GTNet) компаниясы мамандарының айтуынша, симбиотикалық сусын сүт өнімінің жаңа түрі болып табылады, оны йогуртпен, кефир немесе айранмен салыстыруға келмейді, бірақ өзінің консистенциясы бойынша ол әлдебір ішетін йогурт пен шырынның арасындағы сусын секілді болып көрінеді.

Қазірдің өзінде ғалымдар "түтікте" in vitro экспериментін жасады. Нәтижесінде зерттеушілер симбиотикалық сусынның функционалды сапасын дәлелдеді. Ол антиоксидантты қасиетке ие, иммунитетті көтереді, холестериннің деңгейін төмендетіп, организмнің бейімделу қасиетін арттырады.

Айта кетейік, ғалымдарға енді жаңа өнімді потенттеу және оны клиникалық сынақтан өткізу күтіліп отыр. Компания 2015 жылы симбиотикалық сусынды сатуға шығаруға ниет етіп отыр.

Еске сала кетейік, 2013 жылы ғалымдар "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-нан сусынды әзірлеудің грантын ұтып алған болатын. Жаңа қышқылсүтті өнімді жасауға компания 3,6 миллион теңгеден астам қаржы бөлген.

Бұдан бұрын Алматыдағы туберкулез институтының базасында бие сүтінен жасалған йогурт клиникалық сынақтан сәтті өткені хабарланған еді. Бие сүтінен жасалған йогурт емделушілердің тағамына қосылғаннан кейін, науқастардың иммунитеті көтеріліп, антиоксидантты белсенділігі артқан. Ғалымдардың сөзінше, йогурттан қосымша әсер берілмеген.

Дереккөзі: tengrinews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар