Өзектi

«ҰМҒТСО» АҚ-да ҒЗЖ жүзеге асыру бағытына Мониторинг жасалуына байланысты тікелей жедел желі қызметі іске қосылды

07.09.2018

5332

Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына сәйкес Ұлттық ғылыми кеңес ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бағытына, сонымен қатар сол жерге барып мониторинг жүргізеді.
Мониторингті ұйымдастыру қажеттілігі туралы шешімді ұлттық ғылыми кеңес қабылдайды. Мониторинг туралы Ереже мониторинг тәртібін жан-жақты сипаттайтын құжат болып саналады.
Ғылыми жетекшілермен толтырылған сауалнама парақтары ҰҒК-ға арналған алдын-ала ақпарат жиынтығының сауалнамасы болып есептеледі. Сауалдарға дерек бойынша жауап беріп, қалаған баллды алуға тырыспау керек. Кез келген жағдайда объект тізімін жасау және мониторинг уақыты туралы шешімді ҰҒК қабылдайды. Бұл жағдайда сауалнама парақтары көмекші материал, бірақ бұл ешқандай да соңғы баға емес.
ҰҒК жұмыс кестесі мен жобалардың тізімін бекіткен соң жүзеге асыру бағытына мониторинг жүргізіледі. Сарапшы топ мониторингке шығу барысындағы ұсыныстары мен қорытындылары туралы акт толтырады. Осыдан соң мониториг қорытындысын талқылау және соңғы шешімді қабылдау үшін ҰҒК қайта шақырылады. Көріп отырғанымыздай, мониторинг кезең-кезеңмен өтеді. Алғашқы мәліметтерді жинақтау, мәжіліс, хабарландыру, мониторинг, қорытынды жарияланымдар.
Барлық ғылыми жетекшілерді «Негізгі мәліметтер» блогына өздерінің фамилияларына қарама-қарсы тұрған жерге қолдарын қойып, сканерлеп және оны upravlenie_nns@ncste.kz электронды поштасына жіберулерін сұраймыз.

Сіз ҰМҒТСО-ның колл-орталығына төмендегі мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: +7 727 355 5001 ары қарай қызметкердің қажетті ішкі нөмірін тересіз:

Ішкі. 205, 211 – «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес үйлестірушісі

Ішкі. 206 - «Өмір және денсаулық туралы ғылым», «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша ҰҒК үйлестірушісі

Ішкі. 207 – «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша ҰҒК үйлестірушісі

Ішкі. 208 – «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша ҰҒК үйлестірушісі


Ішкі.209 – «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпия белгісі жоқ)» бағыты бойынша ҰҒК үйлестірушісі

Ішкі. 220 – «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» бағыты бойынша ҰҒК үйлестірушісі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар