Өзектi

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

12.08.2020

2548

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2021 – 2 023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурстық құжаттамаға сәйкес «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама мен өтінімді рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Маралова Әсемгүл, тел. 8(7172) 74-02-53, 8-776-010-60-20.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz. сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылғы 12 тамыздан бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 27 қыркүйек (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама

«« | »»
Соңғы жаңалықтар