Өзектi

Қарнақ – орта ғасырдағы ағартушылық пен білім ордасы

28.05.2018

6292

Кентау қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қарнақ – орта ғасырдағы ағартушылық пен білім ордасы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар – Кентау қаласының әкімдігі, ОҚО тарихшылар және саясаттанушылар қоғамы, Ахмет Ясауи университеті.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, мұрағаттар мен мұражайлар қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференцияны Кентау қаласының әкімі Мақұлбаев Әлдібақыт Тілләбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.Раимбердиев құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми шараның маңыздылына тоқталды.
Ғылыми жиынға ҚР Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, профессор, әдебиет сыншысы, ғалым Қ.Ергөбек модераторлық жасады.
Алқалы жиында ғалымдар тақырыпты жан-жақты ғылыми сараптап, ой бөлісті. Атап айтсақ, пленарлық мәжілісте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих.ғ.д., Ж.Артықбаев «Қарнақ – қазыналы Қаратау баурайындағы қазыналы мекен», «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері, тарих ғ.к., профессор З.Жандарбек «Қарнақ атауына қатысты жаңа деректер», Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, философия және теология ғ.д., профессор Д.Кенжетаев «Ясауидің зайырлылық түсінігі», Өзбестан Республикасы Тарих институтының ғылыми қызметкері, тарих.ғ.д. Б.А.Пасилов «Қарнақ медреселерінің тарихи деректері», Өзбекстан Республикасының қоғам қайраткері А.Зияев «Қарнақтың ұлы тұлғалары туралы деректер» тақырыбында келелі баяндама жасады. Сонымен қатар профессор М.Мырзахметов, саясаттанушы Б.Нурмухамедов, ОҚМПУ, ХҚТУ-дің т.б., оқытушы-профессорлары да баяндама жасады.


Дереккөзі: ayu.edu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар