Өзектi

Ертең үздік ғалымдар марапатталады

07.11.2017

4842

Ертең «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы мен Clarivate Analytics компаниясының бірлесіп «Ғылым лидері – 2017» сыйлығын тапсырады. Жыл сайын берілетін дәстүрлі сыйлыққа Web of Science Core Collection ресурсында 2014-2016 жылдары ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдар қол жеткізді деп күтілуде. Шара «ҰМҒТСО» АҚ-ның ғимаратында өтеді.


Айтулы шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және еліміздегі білім саясат және экономика саласында еңбек етіп жүрген беделді тұлғалар қатысты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан алты жыл бұрын отандық ғылымды дамту үшін дүниежүзіндегі беделдің ғылыми мәліметтер қорына қолжетімділікті арттырудың маңызын айтқан еді. Қазір бұл бағытта атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беріп, Қазақстан ғылымы әлемдік ғылыми қоғамдастықпен терең ынтамқтастық орнатуына ықпал етті.
Жыл сайын ұйымдастырылатын «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы екі аталым бойынша берілетінін естеріңізге сала кетеміз. Олар – «Қазақстандағы үздік ғылыми басылым» және «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» болып жіткелуде. Бірінші аталым бойынша Emerging Sources Citation Index (Clarivate Analytics) индексіне ие болған қазақстандық ғылыми журналдар мараптталады.



Ал «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша физика, техника, медицина, биология және аграрлы ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар марапатталатын болады.
Үздік ғалымдарды марапаттау шарасының өтетін жері: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 221 үй, Үлкен мәжіліс залы. Сағат 09:00 қонақтарды тіркеу, сағат 10:00 шараның басталуы.


«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі


«« | »»
Соңғы жаңалықтар