Өзектi

АЭФ аясында Еуразия ұлттық университетінде жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өтпек

18.05.2016

5849

25 мамырда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде IХ Астана экономикалық форум аясында «Жаһандану жағдайындағы жаңа индустрияландыру Қазақстанның экономикалық өсуінің драйвері ретінде» атты халықаралық жас ғалымдардың ғылыми конференциясын өткізу жоспарлануда.

Аталған білім ордасының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың модераторлығымен өтетін конференцияда көптеген шетелдік белгілі тұлғалар сөз сөйлейтін болады. Алқалы жиын аясында "Экономикалық ғылым Қазақстанның экономикалық өсуі мен индустрияландыруының негізі», «ҚР қаржы секторының жаһандану жағдайында экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі», «Туризм дамуы Қазақстанның индустриялық және әлеуметтік жаңғыруының құралы», «Үшінші индустриялық революция жағдайында Қазақстанның экономикалық өсуі» сынды секциялар жа жұмыс істейтін болады.

Жалпы, конференцияның мақсаты - индустрияландырудың экономикалық өсудің драйвері ретінде дамуына қатысты пікір және тәжірибе алмасу, жаһандану жағдайында Қазақстанның экономикалық өсуін сәтті қамтамасыз ету үшін маңызды ұсыныстар мен шешімдерді талқылау.

Дерккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар