Өзектi

Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат магистрі бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды

16.02.2015

5742

Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат магистрі бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлады ЖОО-ның Коммуникациялар және маркетинг департаментінен.
«Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасына Master in Public Policy (MPP) құжаттарды қабылдауды жүзеге асырып жатыр. Екі жылдық күндізгі MPP бағдарламасы кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандарға арналған. Шамамен 30-40 мемлекеттік грант қарастырылған, басқа жерден келгендерге жатақхана беріледі, үлгерімі жақсы студенттерге

100 мың теңге көлемінде ай сайын стипендия төленеді», делінген хабарламада.

2015 жылғы 12 ақпанда Назарбаев Университетінде Ақпараттық сессия өткізілді, оған қатысушылар мемлекеттік саясат саласындағы Master in Public Policy (MPP) магистратура бағдарламасына оқуға түсу талаптарымен танысты. Келушілер ЖМСМ-нің оқытушыларымен, студенттерімен және қызметкерлерімен тікелей танысуға, оларға өздерінің сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Магистратура бағдарламасы бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі, сабақтарды Сингапурдың Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің (ЛКЮ Мектебі) үздік оқытушылары жүргізеді. Оқытушылар Case studies - инновациялық оқыту әдістерін қолданатын болады, мысал ретінде нақты қазақстандық үлгілер келтіріледі. МРР бағдарламасының студенттері ЛКЮ Мектебінде өз таңдауы бойынша бір курстан өту және Сингапурдың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, оқыту бағдарламасында озық қазақстандық және шетелдік саяси көшбасшылардың, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерінің лекцияларын тыңдау қарастырылған.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар