Блоги

Добавить запись в блог
Тұғырлы тұлға - Елбасы
Тәуелсіздік-киелі ұғым. Бұл мәртебеге жету жолында қаншама жастарымыз өз өмірлерін құрбан етті. Тәуелсіздікке жету,тәуелсіздік таңын атыру біз үшін оңайға соқпаса да, түптің түбінде қаншама еңбек өз нәтижесін берді. Тәуелсіздігімізге енді ғана қолымыз жеткенде, әрі қарай жүрер жолымызды, барар бағытымызды айқындап ала бастаған шағымызда-ақ Президент елдің берекесі мен қуатының бастауы - ел ішіндегі тыныштық, біртұтастық деген еді. Біз соңғы жылдары беттерін аршып, ашып, ақтара бастаған тарихымызды қауіпті де қатерлі сәттер, кезеңдер аз болмаған. Екі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысы секілді ұзақ қырғын әр халықтың тарихында бола бермеген. Сол соғысты ақыры жеңіспен аяқтап, өз елін түбегейлі азат етіп құтқарып қалған күш - қазақтардың өз ауызбірлігі, өз ішіндегі ынтымақтастығы мен тұтастығы еді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Елбасымыздың ерекшелігі-ғылымды бағалаған ғалымды қадірлейді. Президенттік сыйлықтардың қалам қайраткерлеріне берілетіндігі де оның терең ойлы, салиқалы шығарма-туындыларды бағалайтынын білдіреді.
Ендігі біздің дербес елдің де, Елбасының да кезекті нысанасы- экономика деңгейі. Иә, бүгінгі екі ғасыр аралығында тұрған сәтте өткенді талдап, саралап, болашаққа көз салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше кітаптарының атында "ғасыр" деген сөздің болуы, жолдау-бағдарламасының "2030" деп аталуы Елбасының болашаққа көз тігетінін, елі үшін үлкен жақсылық күтетінін білдіреді. Сол үміт, сол арман - әрқайсымыздың да арманымыз. Өміріміздің мәңгі заңы - үнемі үздіксіз өзгеру, жаңару, жақсару, алға қарай даму, қараңғыдан жарыққа, аласадан биікке ұмтылады. Қазіргі таңда Қазақстан дамыған экономикалы, аяғына нық тұрып, жарқын болашақты, Астанадай бас қаласы гүлденген мемлекет. Бас қалада биік, аспанмен тілдескен ғимараттар, түрлі ойын-сауық кешендері бар, инфрақұрылымы дамыған тамаша қала. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, әсем қаланы тамашалауда. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Мемлекет басшысының бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр.Сонымен қатар елбасымыз Қазақстанның өзге де өңірлерінің дамуына жағдай жасауда. Осындай бейбіт те тыныш елде өмір сүру - үлкен бақыт, қуаныш.
Елбасымыз әманда ел қамын ойлап, халқы үшін аянбай тер төгуде. Қазақ елінің жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты сақтап, аспанымыздың ашық болуы үшін тырысып бағуда. Ел үшін жасап жатқан еңбегінен жүрегінде жатқан халқына деген зор махаббатты аңғаруға болады. Елін сүйген,елі сүйген елбасымыз аман болсын!

Авторы: Жанызакова Эльмира, Қанат Перизат, Ниязбекова Сезім, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультетінің 1-курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы, Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
Автор: Ниязбекова Сезім Нұржанқызы
Для того, чтобы оставить комментарий, вам необходимо пройти авторизацию на сайте