КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Қазақстандық ғылыми баспалар / Қазақстан-Американдық Еркін университетінің Жаршысы

«Қазақстан-Американдық Еркін университетінің Жаршысы» 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және шығатын республикалық ғылыми басылымды журнал.

Өскенмен қаласында басылып шығарылады, басып шығарушы орган – Қазақстан-Американдық еркін университеті. Журнал ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркелген.

Есепке алыну туралы куәлігі БАҚ № 5888-ж 11.04.2005 бастап. Журнал халықаралық ISSN агенттігінде тіркелген. ISSN (басу нұсқасы) 1815-9478.

Бас редактор – Қазақстан-Американдық Еркін университеттің президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Албхаирұлы Мамбетқазиев.

Журналдың почталық жазылым индексі 74147.

Журнал 2011 жылдан бастап жылына 6 рет шығады және төмендегідей шығарылымдары бар:
бірінші шығарылым - "Білім технологиялары (педагогикалық аспектілер)";
журналдың екінші шығарылымы - "Филолгияның жалпы мәселелері";
үшінші шығарылымы - "Білімнің және қоғамның экономикалық мәселелері";
төртінші шығарылымы - "Білімнің және қоғамның құқықтық мәселелері";
бесінші шығарылымы - "Психология сұрақтары:тұлға, білім, қоғам";
алтыншы шығарылымы - "Экологияның, математиканың және компьютерлік технологияның сұрақтары ".

«ҚАЕУ Жаршысы» журналының даналары Шығыс-Қазақстан облысының Облыстық Техникалық кітапханасына, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасына, Шығыс Қазақстандағы ғылыми-техникалық ақпарат орталығына, Облыстық және қалалық әкімшіліктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітап палатасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Кітапханасына ұсынылды.

Журнал Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің экономикалық, педагогикалық, және филологиялық ғылымдар бойынша диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді.

Журнал редакциясының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Қазақстан-Американдық Еркін Университеті, Бажов көшесі, 68, 204 офис; Тәуелсіздік даңғылы, 86 (901 офис), тел. 8 (7232) 23-12-55, факс (7232) 29-72-08

Басып шығарушы редактордың электронды мекен-жайы (Левина Татьяна Викторовна): tanya_levina@mail.ru

2326
 
 
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019