Айтулы шара

21.10.2014 Ғылыми ақпараттық ресурстың өзекті мәселелері талқыланады

22 қазанда «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Халықаралық ақпараттық қорларды пайдалану: тәжірибе мен келешегі» деген тақырыпта дөңгелек үстел болады. Дөңгелек үстел жұмысына шетелдік компаниялар мен ҚР Білім және ғылым министрі Ғылым комитеті және Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті өкілдері, ЖОО мен ҒЗИ басшылары, Ұлттық кәсіпкерлік палатасына жауапты тұлғалары қатысады.
Бүгінде «ҰҒТАО» АҚ-ы Білім және ғылым министрлігінің қаржылай қолдауымен дүниежүзіндегі ThomsonReuters (WebofScience), SpringerGmbH (Springerlink) және Elsevier B.V. (ScienceDirect, Scopus) сынды маңызды ғылыми мәліметтер базасының Ұлттық лицензиясына ие болып, қазақстандық ғылыми ортаның халықаралық мәліметтер базасына қол жетімділігін ұйымдастырып келе жатқаны белгілі. Орталық республика аумағындағы ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдарын және жалпы ғылыми ортаны электронды халықарларық ғылыми мәліметтер базасына тегін қосып, ғылыми ақпаратпен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Халықаралық ғылыми мәліметтер қоры Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметті жандандырып, ғылымды қажетсінетін экономика құруға негіз болуда.
2014 жылдың қазан айына дейінгі кезеңге сәйкес еліміздегі 250-ден астам ғылыми мекемелер мен білім беру ұйымдары халықаралық мәліметтер базасына қосылып, түрлі рефараттар мен толықмәтінді ғылыми ақпараттарды пайдалана бастады. Шара барысында ақпараттық ресурсқа қосылу ғылыми коммуникацияның жаңа моделі, ғылым және білім беру саласында халықаралық ғылыми ақпараттық ресурстарды пайданып инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру, халықаралық ғылыми ақпараттық ресурсқа қосылудағы мемлекеттік қолдаудың іс-тәжірибесі және халықаралық ғылыми ақпараттық ресурсты тиімді бағытта пайдаланудың іс-тәжірибесі кеңінен талқыланбақшы.

2399
Қатысушылар
Қатысу