Айтулы шара

02.10.2014 6-10 қазан аралығында Thomson Reuters компаниясының оқу-жаттығу веб-семинарына қатысыңыздар
«ҰҒТАО» АҚ-ы мен Thomson Reuters компаниясының өкілдері ғылымдар мен ізденушілерді 2014 жылдың 6-10 қазан күндері өтетін оқу-жаттығу онлайн семинарына қатысуға шақырады. Шара барысында ғылыми зерттеу жұмыстарын заман талабына сай жүргізудің өзекті мәселелер сөз болады деп күтілуде. Сондай-ақ Web of Knowledge/Web of Science, Journal Citation Reports, EndNote Basic және ResearcherID мәліметтер базасының жетілдірілген нұсқаларамен қалай жұмыс істеудің жолдары кеңінен сөз болады. 

Басқосудағы әр сессия 1 сағатқа созылады. Семинарды Сергей Парамонов, Валентин Богоров және Дарья Бухтоярова сынды білікті мамандар жүргізетінін естеріңізге сала кетеміз. Семинарлар тегін, орыс тілінде жүргізілетінін қаперлеріңізге саламыз. Жиын соңында әрбір семинарға қатысушылар арнайы сертификатқа ие болады. 

Семинарға қатысушылар тіркеуден өтуі тиіс. 
Төмендегі сілтеме арқылы оқу-жаттығу бағытында өтетін семинарға тіркеліп, бағдарламасымен танысуға болады: http://wokinfo.com/russian/training/ 
Семинарға тіркеліудің жолдары төмендегі сілтемеде анық көрсетілген: http://www.youtube.com/woktrainingsrussian  
Егер семинарға қатысты және пайдаланылатын өнімдерге қатысты сұрақ туындап жатса, http://wokinfo.com/russian/contact/ сайтында орналастырылға үлгіге жазуларыңызға болады. 

Бұдан да маңыздырақ ақпараттарды төмендегі мекен-жайдан ала аласыздар:  «Ұлттық ғылыми-техникалық» АҚ-ы 
050026, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 221 үй. 
Байланысушы тұлға Айтжанова Лейла: Тел.: +7 (727) 378-05-78, 
E-mail: laila_a@inti.kz   

P.S. Семинарға қатысып, арнайы сертификатқа ие болғысы келетіндер міндетті түрде тіркеліп, өздерінің жекелеген компьютерлері арқылы онлайн семинарды тыңдауы шарт. 
2750
Қатысушылар
Қатысу