Айтулы шара

06.12.2018 Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ғылыми әріптестік нығайып келеді

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ шаңырағында Тәжікстанның «Ұлттық патенттік-ақпараттық орталығы» мемлекеттік мекемесінің делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында келді.
Екі жақты әріптестікті дамыту бағытында өткен кездесуде тәжік ағайындар «ҰМҒТСО» АҚ-ның жұмыс тәжірибесі қызықтыратынын және озық үлгідегі тәжірибелерімізбен кеңінен танысқысы келетіндіктерін жеткізді. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырған ел екендігін де атап өтті.
Осы ретте «ҰМҒТСО» АҚ-ның вице-президенті Алмас Гаухар орталықтың жұмысы туралы таныстырды, ал Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің директоры Маринат Бәпиева ғылыми жобалардың есебінің қалай қабылданатынын түсіндірсе, Қазақстандық дәйексөз алу басқармасының басшысы Дания Есімбекова дәйексөз алу базасының қалай жүргізілетінін жұмыс барысында көрсетті.
Ғылыми әріптестік кездесу барысында «ҰМҒТСО» АҚ ұжымы тәжірибе алмасуға қашанда дайын және бірлесе отырып жаңа бастамаларды қолға алуға ынталы екендіктерін жеткізді.

Арайлым Бимендиева,
Қоғаммен байланыс бөлімі

2558
Қатысушылар
Қатысу