КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
 
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ауа райы және валюта бағамы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Айтулы шара
22.05.2018 Халықаралық сарапшылар Қазақстанның ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық іс-тәжірибесін жоғары бағалады

17-18 мамыр аралығында Мәскеуде "Трансұлттық зерттеу және инновациялық әріптестік. Халықаралық жобаларды әзірлеуде экономикалық, бәсекеге қабілетті және жоғары сұрынымдарға дайын болудағы әрептестік" деген тақырыпта халықаралық семинар болып өтті. Айтулы басқосуды Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) мен Ресейдің "Жоғары экономика мектебі" Ұлттық зерттеу университеті ұйымдастырғанын айта кетуіміз керек. Алқалы жиынға қатысқан қазақтсандық делегацияның құрамында "Ұлттық мемлекеттің ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ-ның президенті Әділ Ыбыраев та болып, жиында өз ойын ортаға салды.
Форум жұмысына ЖЭМ ҰЗУ бірінші проректоры Л.Гохберг, РФ Білім және ғылым министрінің орынбасары Г.Трубников, ЭЫДҰ өкілі Д.Геллек, Мәскеудегі неміс ғылым және инновация үйінің жетекшісі А. Хешен, сонымен қатар орыс ғалымдары және халықаралық сарапшылар қатысты.


Семинардың басты мақсаты екіжақты және көпжақты халықаралық әріптестікті нығайту және инновация саласындағы ғылыми жобаларды ұлттық экономиканы дамытудағы тиімділігін арттыру мәселесі кеңінен талқылау болды. Осы ретте басқосуға жиналған мамандар негізінен халықаралық ғылыми-зерттеу саласы бойынша әріптестікті дамыту ісіне де баса көңіл бөлгенін айта кетуіміз керек. Сонымен қатар университеттер мен ғылыми-зерттеу мекемелері интернационалдау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.


Панелдік пікір алмасуда "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ президенті Әділ Ыбыраев әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған меймандарға халықаралық ынтымақтастық саласындағы Қазақстанның іс-тәжірибесі турасында кеңінен әңгімелеп берді. Орталық басшысы гранттық қаржыландыруға ұсынылған ғылыми жобаларды талдап, таразылауға әлемнің жетекші университеттерінен білікті сарапшылар тартылғанын алға тартты. Айталық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік гранттық қаржыландыру ісін елеп, екшеуге сырт елдерден 7 мыңнан астам сарапшы тарлығаны белгілі. Соңғы уақыттары гранттық қаржыландыру ісіне шетелдің сарапшыларын тартудың арқасында қазақстандық және біріккен авторлардың ғылыми жарияланымдар айтарлықтай өскенін орталық басшысы тілге тиек етті. Мәселен дүниежүзіндегі бебелді сараптамалық InCites (Clarivate Analitics) дереккөзінің мәліметінше, соңғы жылдары Қазақстан ғалымдарының өмір туралы ғылым, медицина, техникалық және қолданбалы ғылым, әлеуметтік, өнер мен гуманитарлық ғылым және физика бойынша ғылыми мақала жариялауы күрт өскенін көп жайтты аңғаруға болады.
Осы ретте қазақ-ресей ғалымдарының бірлесіп мақала жариялауы бірінші орынға шықса, екінші орында америка ғалымдары тұр.


Жиын барысынад төрткүл дүниеден жиналған ғалымдар Қазақстанның халықралық сарапшылармен тығыз әріптесік қарым-қатынас орнатып, ғылымды дамытуда тиімді жұмыс істеп жатқанын заман ағымына сай жұмыс екенін алға тартты.
Шараға қазақстандық делегацияның құрамында Ғылым қорының өкілі Л. Мылтықбаева, Ұлттық биотехнология орталығының өкілі Е.Рманқұлов, ҚазҰПУ-дің проректоры А.Құлсариева және "ҰМҒТСО" АҚ қызметкерлері Гаухар Алмас пен Арайлым Ақболат та болды.


«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

726
Қатысушылар
Қатысу
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013