Айтулы шара

11.04.2017 Отандық ғылыми журналдарды ғылымның дамуына қызмет етуі тиіс

Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да «Ғылыми журналдар сапасының халықаралық стандарттары» деген тақырып аясында жиын болып өтті. Айтулы шараға ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасилов, «ҰМҒТСО» президенті Әділ Ыбыраев, Thomson Reuters, Springer халықаралық ғылыми мәліметтер базасының өкілдері мен еліміздегі ғылымыи журналдардың бас редакторлары қатысып, отандық ғылыми журналдарды дамытудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.
Жиын барысында сөз алған Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасилов басқосуға жиналған Қазақстан ғалымдарын «Ғылым күні» мерекесімен құттықтады.

– Құрметті әріптестер, Сіздерді алдағы төл мерекелеріңіз «Ғылым күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде еліміз бойынша ғылым саласында 25 мыңнан астам азамат еңбек етеді. Бұл үлкен әлеуетті күш екені сөзсіз. Қазіргі дамыған заманда ғылым экономикалық дамудың драйверіне айнылғанын бәріміз білеміз. Осыдан біршама уақыт бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық академиясының 70 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған салтанатты жиында ғылым саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға көптеген жауапкершілік жүктеп, ел экономикасын ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде дамытудың маңызы зор екенін айтқан болатын. Осы бағытта біздерді зор міндеттер күтіп тұр, – деді Болатбек Абдрасилов.


Өз кезегінде Ғылым комитетінің төрағасы ҚР Ұлттық академиясының 70 жылдық мерейтойында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ғылыми журналдарды дамытып, әлемдік ғылыми мәліметтер базасына кірігіп, ғылыми-баспа саласындағы ынтымақтастықты арттырудың маңызына тоқталғанын атап өтті.

– Еліміздегі ғылыми журналдарды заман талабына сай шығару маңызды міндеттердің бірі екені анық. Бұл мәселені Президент Ұлттық ғылым академиясының мерейтойында бекер қозғаған жоқ. Қазіргі таңда Қазақстан ғылымы әлемдік ғылыми қауымдастықпен күн өткен сайын ынтмақтастық аясын кеңейтіп келеді. Мұндай жағдай елімізде жарық көретін ғылыми журналдар да заманауи трендтерге ілесіп, ғылымның көкжиегін кеңейтуге өз үлесін қосуы керек. Сол себепті бүгін елімізде шығатын ғылыми журналдарды дамыту маңызды бағыттарын өздеріңізбен бірлесіп айқындау үшін арнайы жиналып отырмыз. Көкейде жүрген пікірлеріңізді айтып, ел мүддесі жолындағы ортақ мақсатқа бірігіп қол жеткізуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамын, – деп комитет басшысы ғалымдарды ғылыми журналдарды дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.
Бұдан кейін мінбеге көтерілген «ҰМҒТСО» президенті Әділ Ыбыраев еліміздегі ғылыми журналдарды дамытудың маңызды бағыттары жайында баяндама жасады.


– Осы уақытқа дейін қазақ, орыс тілдерінде шығып келе жатқан журналдарды алдағы айдан бастап, 50 пайызын ағылшын тілінде шығарудың маңызы зор. Ғалымдардың ағылшын тіліне аударылған ғылыми еңбектерімен әлем ғалымдары танысып, отандық ғылым ынтымақтастық аясын кеңейте түседі. Біздер таңдаулы ғылыми мақалаларымызды ағылышын тілінде шығарып, әлем ғалымдарының Қазақстанда шығатын ғылыми журналдарға назарын аударатын боламыз. Осылайша еліміздегі ғылымның беделін көтеруге болады, – деді Әділ Ыбыраев.


Жиын барысында Clarivate Analytics (Thomson Reuters) компаниясының білім беретін бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Валентин Богоров пен Springer компаниясының өкілі Орталық Азия елдері бойынша өкілі Ирина Александрова ғылымыи журналдарды заман талабына сай қалай дамытудың жолдары турасындағы ой-пікірін ортаға салды.


Жиын соңында басқосуша қатысушы тараптар көкейгі тұнған ойларын ортаға салып, еліміздегі ғылыми журналдарды дамытуға қатысты арнайы Резолюция қабылдады. Қабылданған құжат бойынша алдағы уақытта Қазақстанның ғылыми журналдары қауымдастығын құруды және отандық ғылыми журналдардың қойылатын талаптарды халықаралық стандарттарға ыңғайластыру ісі қолға алынбақшы.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2559
Қатысушылар
Қатысу