Айтулы шара

28.02.2017 Отандық ғылымның өрісін кеңейткен орталық

27 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылы 17 қаңтардағы №1-ші «Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйым басшыларының жұмыс нәтижелерін жыл сайын тыңдау туралы» бұйрығына сәйкес «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ президенті Әділ Ыбыраев орталық қызметкерлері алдында 2016 жылығы атақырылған жұмыстар жайында есеп берді. Басқосу барысында орталық басшысы өткен жылдың аяғында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» мен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» мекемелерінің бірігіуіне байланысты орын алған өзгерістер мен жаңа міндеттер жайында кеңінен әңгімеледі.
Орталық қызметкерлері алдында есеп берген «ҰМҒТСО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықына арнаған Жолдауында Қазақстанды таяу болашақта ғылыми технологиялық бағыты дамыған елдердің қатарына қосу үшін еліміздің ғылыми қоғамдастығына жаңа міндеттер тапсырғанын атап өтті.
– Қазақстанның ғылыми-технологиялық өнімдері бәсекеге қабілетті болуы үшін ҒЗТКЖ экономикалық сұранысқа ие, әрі сапалы болуы шарт. Бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық сараптама жұмысы сапалы атақарылуы керек. Өздеріңізде білесіздер, 2016 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Үкіметінің Қауылысымен «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» (ҰМҒТСО) мен «Ұлттық ғылыми техникалық ақпарат орталығы» (ҰҒТАО) акционерлік қоғамдары біріктіріліп, біздің алдымызға жаңа міндеттер қойды. Базалық екі ғылыми мекеменің қосылған соң, «ҰМҒТСО» АҚ еліміздегі ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерге қажетті сараптамалық, ақпараттық-сараптамалық қызмет көрсетуді толықтай мойнына алды, – деді орталық басшысы.


Алдағы уақытта «ҰМҒТСО» АҚ мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жұмысын жасау ісін ұйымдастыру, Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын жағдай жасау, Қазақстан аумағында қорғалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың есебін жүргізіп, ақпараттық қор қалыптастыру, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың қорытындыларына мониторинг жасау және халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту, шетелдің ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды жұмыстарды үйлестіретін болады.
– 2015-2017 жылдарға арналған 5 басым бағыт бойынша еліміздегі ғылыми мекемелер мен ЖОО-дан және жекелген заңды тұлғалардан 5 749 ғылыми жоба келіп түскен. Олардың 865 байқау талаптарына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылды. Қалған 4 884 өтінім отандық және шетелдік сарапшылардың қарауына жіберіліп, нәтижесінде 1781 жоба гранттық қаржыландыру ісіне жолдама алды. Бұл – гранттық қаржыландыруға келіп түскен жалпы өтінімінің 36 пайызын құрайтынын айта кетуіміз керек, – деді «ҰМҒТСО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін орталық бір ғана 2016 жылдың өзінде таңдап алынған бес басым бағыт бойынша Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің 62 рет кездесуін ұйымдастырған.
«ҰМҒТСО» АҚ-ның екінші бір маңызды жұмысы – ғылыми-техникалық ақпарат қорын қалыптастыру бойынша да ауыз толтырып айтатындай жұмыстар атқарылған. Айталық, 2016 жылы орталықтың жариялауға жатпайтын қоры 574 ғылыми-техникалық бағдарламалардың жоспарлы есептерімен толыға түскен. Сол сияқты 2 368 ҒЗТКЖ есептері мен 47 ғылыми жобаның есебі орталықтың қорына тапсырылған. Осылайша 2016 жылдың аяғында «ҰМҒТСО» АҚ-ның жариялауға жатпайтын қорының жалпы саны 85 мыңға артқанын байқаймыз.
Есепті кездесуде баяндама жасаған орталық басшысы Әділ Ыбыраев 2016 жылы отандық ғалымдарды өзге елдердің ғылыми-ақпараттық базаларына қол жетімділігін арттыру бағытында да көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Бұл бағытта жұмыстарды қаншалықты жемісті болғанын орталық қызметкерлері дайындаған «Қазақстан ғылымының картасы» жобасымен танысқан кез келген адам бірден байқайды. Жобадан еліміздің ғылыми әлеуеті анық көрсетілген. «Қазақстан ғылымының картасы» жобасымен танысқан адам бүгінде «ҰМҒТСО» АҚ мемлекеттің қолдауына сүйеніп, еліміздегі 240-тан астам ғылыми мекемелердің әлемге аты мәлім Thomson Reuters, Springer компанияларының ғылыми мәліметтер қорына қол жеткізуде. Бір қуанарлығы 2016 жылы EmergingSourcesCitationIndex (Thomson Reuters) базасына Қазақстанның 7 ғылыми журналы енгенін атап айтуға болады.


Бұдан басқа 2015 жылдан бері «ҰМҒТСО» АҚ Thomson Reuters компаниясымен бірлесіп, 2005-2015 жылдар аралығында шетелдің импакт-факторлық көрсеткіші жоғары ғылыми журналдарына мақала жариялап, 1 пайыздан жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған қазақ ғалымдарды анықтап, оларды «Ғылым көшбасшылары» жобасы бойынша марапаттауы Қазақстан ғылымның дамуына түрткі болғанын айта кетуіміз керек. Бүгінде бұл баста өзінің жалғасын тауып келеді.
Жиын барысында «ҰМҒТСО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев қазақ ғылымның көкжиегін кеңейту жолында орталық қызметкерлері бар күш-жігерін жұмсап, жұмыс істеп жатқанын айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта орталық жұмысының тиімділігін арттыру жолында әріптестері тарапынан маңызды ұсыныстар күтетінін де тілге тиек етті.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2500
Қатысушылар
Қатысу