Айтулы шара

07.11.2016 Үздік ғалымдар марапатталды

Алматыда «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ мен Springer Nature халықаралық баспасы Springer Top uthor үздік ғылыми жұмыстармен айналысқан ғалымдарды анықтады. Айтулы шараға Қазақстанның ғылымдары мен Орталық Азияның білікті ғалымдары қатысты.
Бүгінде «ҰҒТАО» АҚ Қазақстан мен Орталық Азияда ғылымның дамуы үшін көп еңбектенуде. Орталық бұған дейін де өздерінің шетелдік әріптестерімен бірлесіп, үздік ғылыми жұмыспен айналысқан Қазақстан мен Орталық Азияның ғалымдарын анықтап, олардың ғылымды дамытуға ынталандырған болатын. Күні кеше ғана өткен шарада Springer Nature баспасына маңызды ғылыми мақалалар жариялап, жоғары имфакт-факторлық көрсеткішке ие болған Қазақстанның 18, Қырғызстанның 2, Өзбекстанның 2, Тәжікстанның 2 ғалымын марапаттады.


ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Springer Nature Қазақстанды ғылымды дамыту жолында тығыз жұмыс істеп келеді. Бүгінде Springer Nature комапниясы қазақ ғалымдарының ғылыми кітаптары мен мақалаларын жариялауда топ бастап келе жатқан баспа екенін атап айтуымыз керек. Айталық, 2006-2016 жылдар аралығында Springer компаниясының имфакт-факторы жоғары 403 ғылыми журналына ғалымдармыздың 2133 ғылыми мақаласын жариялап, қазақ ғылымның дүниежүзі ғылымын ынтымақтасуына жол ашты. Осылайша ғалымдарымыз жыл сайын 300-ге жуық ғылыми мақала жариялап, отандық ғылымның өрісін кеңейтті.
Марапатқа ие болған Қазақстан ғалымдары Рәтбай Мырзақұлов, Серғазы Адекенов, Болат Қасенов, Марат Жүсіпов, Ерлан Нұрсұлтанов білікті ізденушілер бар.

"ҰҒТАО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2315
Қатысушылар
Қатысу