Айтулы шара

18.06.2014 Мәліметтер базасына қолжетімділікті арттырудың тиімді жолдары талқыланды

Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ АҚШ-тың CRDF Global қорымен бірлесе «Халықаралық ғылыми-зерттеу журналдарындағы жарияланымдар» деген тақырыппен семинар өткізді. Семинар барысында ғылыми журналдардағы зерттеу тақырыбы мен резюменің тиімділігі, қолжазбаны тиімді ұйымдастыру және қалыптастыру, суреттер мен кестелерді тиімді пайдалану сынды көптеген мәселелерді қарастырды.
Семинар модераторы Dr. Dunlap он жылдан астам халықаралық бағдарламаларға жетекшілік еткен, 2004 жылдан бері CRDF Global қоры директорының орынбасары. Dr. Dunlap ғылыми зерттеулерді тақырып бойынша басқаруды дамыту бойынша кәсіби тренингтердің оқу бағдарламасын жетілдіргендердің бірі. Осыған дейін 3000-нан астам ғалымдар мен 14 елдің инженерлерімен тренингтер өткізген.
«ҰҒТАО» АҚ CRDF Global-мен (АҚШ азаматтық зерттеулер мен зерттемелер қоры) бірлесіп Қазақстанның виртуалды ғылыми кітапханасының (ВҒК) қызметі бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. Бағдарлама зерттеушілерге халықаралық мәліметтер базасына қолжетімділікті арттыруды мақсат етеді. ВҒК барлық зерттеушілерге, нақтырақ айтқанда коммерциялық емес ұйымдар – университеттер мен зертханалардан ғылыми институттар мен ауруханаларға дейін мәліметтер базасынан тегін ақпарат ала алады. ВҒК-да 17 миллионға жуық ғылыми мақалалар мен 12 мыңнан астам журнал ашық қолжетімді.
АҚШ азаматтық зерттеулер мен зерттемелер қоры 1995 жылы АҚШ ұлттық ғылыми қорының (ҰҒҚ) негізінде құрылған коммерциялық емес ұйым. CRDF іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында халықаралық әріптестікті дамытуға және ғалымдар ұжымы мен институт зерттеушілеріне гранттар бөліп, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, жобаларды басқаруда қолдау көрсетеді.
CRDF бағдарламасы әлемнің Еуразия, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Шығыс елдері сынды 30-дан астам мемлекетте таралған.



2737
Қатысушылар
Қатысу