КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Айтулы шара
12.06.2015 Орта Азияның белсенді ғалымдарына «Top Springer Author» сыйлыған табыс етілді

Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы мен Springer халықаралық басылымдар компаниясы белсенді түрде ғылыми мақала жариялап, әлемдік ғылымның дамуына үлес қосып келе жатқан Орталық Азияның белді ғалымдарына арнап тағайындаған «Top Springer Author» сыйлыған табыс етілді. Айтулы сыйлық Springer компаниясының беделді ғылыми журналдарына мақала жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған ғалымдар ие болды. «ҰҒТАО» АҚ-ы мен Springer комапниясы алдағы уақытта бұл сыйлықты Орталық Азияның жетекші ғалымдарына беріп тұруға уағдаласты. Өз кезегінде сөз алған «ҰҒТАО» АҚ-ы президенті Әділ Ыбыраев бұл сыйлық Кіндік Азиядағы ғалымдардың белсенді жұмыс істеп, аймақтағы ғылымның дамуына үлес қосатынын алға тартты.

«Top Springer Author» сыйлығына ие болған Орталық Азияның ғалымдары


Салтанатты шара барысында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның ғылымдары қатысып, арнайы марапатқа ие болды. Жиын барысында ғылыми ақпарат тарататын ірі компаниялардың Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатып, жан-жақты жұмыс істеп жатқанын алға тартты. Сонымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Top Springer Author» сыйлығына биыл Қазақстаннан Е.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Жалыпы және теориялық физика» кафедрасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Рәтбай Мырзақұлов, Органикалық синтез және көмір химиясы институтының жетекші ғылыми қызметкерлері зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессоры Оразалы Нұркенов пен химия ғылымдарының кандидаты Серік Фазылов, Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры Әнуарбек Мейрамов, Ядролық физика институтының зертхана меңгерушісі, физика-химия ғылымдарының докторы Юрий Төлешев ие болса, Қырғызстаннан «Геоприбор» ғылыми-инженерлік орталығының директоры Исакбек Торгоев, Қырғызстан Ғылым академиясының Сейсмология институтының директоры Қанабек Абрахматов және геология-минералогия ғылымдарының докторы Владислав Баталев «Top Springer Author» сыйлыған қанжығаларына байлап қайтты. Ал Тәжікстаннан келген Математика институтының бөлім меңгерушісі Мирганд Шабозов өзіне тиесілі сыйлығын еліне алып қайтты.

«Top Springer Author» сыйлығының иегері қазақ ғалымы Рәтбай Мырзақұлов Springer компаниясының қызметкерлерімен бірге



1335
Қатысушылар
Қатысу
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019