КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Айтулы шара
03.06.2015 ҚазҰТУ-да көмірсутек саласындағы жаңа технологиялар

Таяуда Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстандағы мұнай-газ секторын дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдалым өтті. Парламенттік тыңдалымды ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева ашты.
Өз кезегінде алғашқылардың бірі болып сөз алған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев импортқа тәуелділікті төмендету мәселесін шешу үшін Үкіметтің біздегі бар үш мұнай өңдеу зауытын қайта құру мен жаңарту бойынша шаралардың қабылданғанын еске салды. «Модернизация қорытындысы бойынша 2017 жылдың аяғына таман Қазақстан өзін-өзі мөлдір газ өнімдерімен толық қамтамасыз етеді. Мұнай өндіру зауыттарының қуатын арттырудан бөлек, қайта өңдеудің тереңдігі де ұлғайа түседі, сонымен қатар мұнай газ өнімдерінің сапасы Еуро-4 және Еуро-5 өлшемдеріне дейін көтеріледі», – деп атап өтті ол.
Парламенттік тыңдалым аясында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ көрмеде көмірсутегі саласындағы мәселелерді шешу бағытында 4 инновациялық жобаларды ұсынды. ҚазҰТУ экспозицияларын ҚазҰТУ ректоры, академик Ж.М.Әділов таныстырды.
1.Жоба: «Жер қабаттарының мұнай беруін арттыру үшін, полимерлік су тасқыны технологиясы. Мұнай өндіруде үнем мен пайда әкелуді көздейтін бұл жобаға бұл күнде «Тұрғай Петролеум» АҚ, «Саутс-Ойл» (Қазақстан) АҚ, «Удмуртнефть» (Ижевскқ, Ресей) алпауыт компаниялары қызығушылық танытуда.
2. Жоба: «Солтүстік Каспий теңізінде мұнайдың төгілуіне мұнай ластану және биокты бұзылу қаупі карталар құрылысы». Бұл жоба мұнай және газ өнеркәсібіне кездейсоқ шығарылымдарды кездейсоқ жағдайда ластаушы заттардың таралуын болжау мен қоршаған ортаға әсерін азайту үшін уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті мұнай-газ компаниялары мен қоршаған орта қызметі, ТЖМ қызметі пайдалана алады.
3. Жоба: Энергоаккумулирлық заттардағы түтік асфальттісмолопарафинді мұнай өндіруді арттыру мен жою». Бұл жобаның мақсаты – өндіріс қарқынын арттыру үшін ұңғымаларды жаңа химиялық заттар және термохимиялық технологиясын арттыру мен күрделі су-мұнай эмульсияларын сусыздандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы және Еуразиялық патент беріліп, «Эмбаммұнайгаз» АҚ тәжірибелі өндірісте сынақтан өткізді. Жоба нәтижелерін «ҚазМұнайгаз», «Эмбаммұнайгаз» компаниялары пайдалануы мүмкін.
4.Жоба: «Хош иісті көмірсутектер мен н-алкандарды өңдеу үрдісіндегі нанокатализаторлар». Нанокатализаторлар мен алтын нанобөлшектерін, комерциялық маңызы бар мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін сегізінші тобының өтпелі металдар негізінде жаңа буыны әзірленді. Қазіргі қолданыстағыларға қарағанда, көмірсутегі шикізатын өңдеу кезінде өндірістік компаниялар электр қуатын тұтынуды азайтып, төмен температурада, төмен қысымда әзірленген нанокатализаторларды мұнай-химия компаниясы іске асыру үшін ұсынды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ үшінші инновациялық кластер бастамасы үшін – «Ресурстыүнемдеу аумағындағы инновациялық кластер» Елбасының мақұлдауына ие болды. Кластер қызметі 7 бағытты қамтиды. Соның ішінде маңызды орын алатыны– көмірсутек саласы. Қазіргі кезде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ ғалымдары ғылыми-зерттеу ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыруымен мұнайгаз саласы бойынша 9 жобамен жұмыс істеуде.
Сонымен қатар «ЭмбаМұнайГаз», «Тенізшевройл», «Жайықмұнай», «Эконт», «Мұнай инжиринг Лтд» компаниялары тапсырысы бойынша зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Жұлдыз Бағашарова,
ҚазҰТУдың баспасөз хатшысы.

1311
Қатысушылар
Қатысу
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019