Айтулы шара

13.03.2015 Пайдалы семинар

Бүгін «ҰҒТАО» АҚ-да «Білім беру және ғылым салларына арналған электронды ақпараттық ресурстар» деген тақырыпта семинар болып өтті. Іс-шараға еліміздегі ЖОО-ның басшылары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен қазақтандық ғылыми журналдардың баспагерлері қатысты. Семинар аясында қатысушылар Thomson Reuters және Springer компанияларының ақпараттық ресусртарының қызметтік мүмкіндіктері, сонымен қатар білім беру және ғылыми зерттеуді басқарудың жоғары тиімділігіне қол жеткізу мәселелері сөз болды.


Жиын барысында «ҰҒТАО» АҚ Президенті Ә.Ыбыраев соңғы жылдары шетелдік журналдарда мақаласы жарияланып, жоғары сілтемелік көрсеткіштерге ие болып жүрген ғалымдардың саны артқанымен, мәліметтер қорына кіріп, ақпаратты пайдалана алмай жүрген ғылыми мекемелердің, оқу орындарының аздығын атап өтті. Шараны ұйымдастырудағы бастық мақсат та осы болатын – ғылыммен айналысып жүрген ғалымдарды жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Семинарды Thomson Reuters және Springer компанияларының сенімді өкілдері жүргізіп, ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдардың сауалдарына жауап беріп, қатысушылардың білімдерін кеңейтті.

2564
Қатысушылар
Қатысу