Айтулы шара

16.02.2015 Оралда инженерлік ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

«ЭКСПО-2017» аясында Орал өңірінде инженерлік ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» деген тақырыпта ҚР Ұлттық инженерлік академиясы БҚО филиалы ғылыми-техникалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Онда облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов пен ҚР Ұлттық инженерлік академиясы БҚО филиалының төрағасы Ақсерік Әйтімов аталмыш мәселенің маңыздылығын атап көрсетті.

Отырыста әлемдік экономикалық дағдарыс пен жаһандық өзгерістер жағдайында ғылым мен білімді, инженерлік саланы тұрақты дамыту, Қазақстан мен Ресей шекаралас облыстарының оқу және ғылыми ұйымдары арасында сыртқы академиялық ұтқырлықты жетілдіру, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жайы талқыланды.

Техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Меңдібай Мырзахметов «ЭКСПО-2017» ұлттық бағдарламасының маңызы, елдегі ғылым мен білімнің дамуы, соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер жөнінде әңгімелеп берді. Басқа да ғалымдар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кеңейтілген отырыс қорытындысына сәйкес ұсынбалар қабылданды, арнайы жинақ та жарық көретін болады.

Дереккөзі: inform.kz

2575
Қатысушылар
Қатысу