Айтулы шара

05.12.2014 Springer мәліметтер қорымен байланыс жандана түспек

Ғылым саласын алдағы уақытта жан-жақты дамытып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында қазақ ғылымының әлем ғылымымен ықпалдаса түсуі маңызды. Осы ретте қазақстандық ғалымдардың шетелдік мәліметтер базасын қолдануы өзекті.
Осы ретте Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы АҚ Springer мәліметтер базасына 2015 жылға жазылуды жүзеге асырды. Алдағы уақытта ғалымдарымыздың ірі ғылыми-техникалық ақпарат ресурсының мәліметтер қорына қолжетімділігі тағы да арта түсті.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен 2011 жылдан бастап Қазақстан алғаш рет ғылыми-техникалық ақпарат шегінде шетелдік электронды-ақпараттық ресурстарына ұлттық жазылу жүргізу басталған болатын. 2011-2012 жылдары тұңғыш рет еліміздегі академиялық және ғылыми ұйымдар әлемдік беделді Springer баспасының мәліметтер қорына тегін жазылуға мүмкіндік алған болатын.
Springer туралы:
*Техника, медицина ғылым салалары бойынша кітаптар, журналдар мен ақпараттық қызмет көрсетудегі жетекші провайдер.
* Ай сайын шығаратын электронды құжаттарының саны миллионнан астам.
* 1997 жылдан бергі аралықтағы жарияланымдар сақтаулы.
* Толықмәтінді журналдар


2399
Қатысушылар
Қатысу