Айтулы шара

14.11.2014 "ҰҒТАО" АҚ ұжымы Елбасы Жолдауын талқылады

Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы көпшіліктің қызу талқылауына түсті. Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ ұжымы Президент Жолдауын ұжым болып талдап, өз ой-ұсыныстарын ортаға салды.
«ҰҒТАО» АҚ Президенті Әділ Ыбыраев Елбасының биылғы Жолдаудың ерекшеліктерін тоқталып, нарықтың кезеңде экономиканың дамуын баяулатып алмас үшін, нақты шешімдердің қажеттігін алға тартты. Елбасы жолдауы еліміздің дамуын айқындайтын стратегиялық маңызды құжат саналады. Жолдау Қазақстанның алдағы онжылдықтарда қол жеткізуі тиіс мақсаттарын айқындап, міндеттерді күшейте түседі.


Жолдаудың «ҰҒТАО» АҚ-ның алдағы жұмысына берер бағыты және Жолдауда айтылған басымдықтардың орындалу мүмкіндіктері зор. Қазақстан үшін айтулы шара саналатын ЭКСПО-2017 көрмесі туралы Елбасы: Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», - деген болатын. ЭКСПО көрмесі Қазақстандағы ғалымдардың жұмысына жаңаша серпін беріп, жас жеткіншектердің өнертабыстарға жетуіне ықпал етті десек артық айтқандық емес. Айтулы шараның дайындық барасы да Елбасының назарынан тыс қалған емес. Осы Жолдауында жүктелген тапсырмалар мен міндеттер осының айғағы. Сонымен қатар тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, қызмет көрсету саласындағы жобаларды жүзеге асыруға да көңіл бөлініп отыр. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажеттігі атап көрсетілген.
Білім беру жүйесі және ғылыми қамтымды экономиканы ұштастыру әрі оны қаржыландыру Қазақстан үшін тиімді болмақ. Сонымен қатар ғылым мен білімді ұштастыратын 10 оқу орнын іріктеу мәселесі де білім және ғылым саласы қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Осы бағыттағы жұмыстар үшін Елбасы 10 млрд.теңге қаржы бөлінетіндігін атап өтті. Бұл - Қазақстан болашағына жасалған зор мүмкіндіктердің бірі еендігі даусыз.

2592
Қатысушылар
Қатысу