Ғылыми жаңалықтар

ҚазҰУ профессорының зерттеу жұмысы Springer баспасынан жарық көрген Encyclopedia of Education and Information Technologies энциклопедиясына енгізілді

09.08.2019

3842

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Н.Н. Керімбаевтың ғылыми еңбегі Springer баспасынан жарық көрген Encyclopedia of Education and Information Technologies энциклопедиясына енгізілді.


Аталмыш энциклопедияны Springer Nature баспасына кіретін EAIT журналы алғаш рет шығарып отыр. Ол зерттеушілерге білім берудегі ақпараттық жүйелердің ауқымы мен маңыздылығы туралы, оның ішінде ақпараттық технологиялар қалай қолданылатыны және оқытуда пайдалану жайлы түсінік беруді мақсат етеді. Сондай-ақ, әртүрлі пәндерді оқыту, білім беруді басқару салаларында, есептеу техникасы және басқа да бағыттарда ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін қамтиды.
Автордың энциклопедияға енген ғылыми жұмысымның тақырыбы – «Виртуалды оқытудың форматтары» деп аталады. Ол университеттерде, мектептерде, саларалық өндірістік оқытуда қашықтықтан және толықтырылған білім беруді қоса алғанда ақпараттық технологиялар мен білім берудің арасындағы өзара байланыстың жайын ашып көрсетеді. Жұмыста жаңа білім беру технологияларын жасап тәжірибеге ұсыну туралы мәселелер қарастырылған. Атап айтқанда, мен ғылыми жетекшілік ететін докторанттармен бірлесіп әзірленген білім беру порталын қолдану жайы айтуға болады. Бұл сонымен қатар әртүрлі салаларда, мысалы, медицинада сәтті қолданылған мобильді қосымша сияқты технология.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі
Арайлым Бимендиева

«« | »»
Соңғы жаңалықтар