Ғылыми жаңалықтар

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі полипренолды қосылыстар негізінде жаңа дәрілік заттарды жасады

18.03.2019

4814

«Өмір туралы ғылым» басым бағыты бойынша «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің ғалымдары х.ғ.д., профессор Г.А.Атажанованың жетекшілігімен «Полипренолды қосылыстардың негізінде жаңа дәрілік заттар жасау» атты ғылыми жобаны жүзеге асырды.

Ғалымдар тобы полипренолды қосылыстар, табиғи төмен молекулалы биореттегіштерді зерттеді. Полипренолды қосылыстар – биологиялық белсенді заттардың маңызды тобы. Табиғи көздерден алынатындықтан бұл қосылыстар медицина, ауыл шаруашылығы және биологиялық белсенді заттар ретінде үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Жоба аясында құрамынан полипренолдарды анықтау үшін өсімдіктердің 9 түрі зерттелді, шикізаттардың көмірқышқылдық, ультрадыбыстық экстракциясы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 15 түр өсімдік шикізатының құрамынан 0,01-ден 0,5%-ға дейін полипренол табылды. Мысалы, шренк тобылғытүс, шайқурай жапырақты тобылғы және қара арша өсімдіктерінен полипренолды қосылыстар алғаш рет табылды. 5 үлгіге биоскрининг жасалды, осы орайда, кәдімгі қарағай сығындысы, итшомырт шырғанақ, көк терек қабығы және қайың жапырақтары СО2-сығындыларының орташа гепатопротекторлық белсенділігі анықталды. Juniperus sabina L. өсімдігінен 15-21 изопрендік буыннан тұратын полипренолдар алудың зертханалық регламенті жасалып, технологиясы енгізілді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар