Ғылыми жаңалықтар

ҚАЗҰАУ «АГРОИНЖЕНЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ҒЗИ БИОСМАССАЛАРДЫҢ ПІСУІН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰРЫЛҒЫ ЖАСАДЫ

15.11.2018

3994

ҚазҰАУ-дың «Агроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар» ҒЗИ биомассалардың жинақталып пісуін танитын құрылғы және инновациялық әдіс әзірленді.

ҚазҰАУ-дың «Агроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар» ҒЗИ т.ғ.д. Ж.Садықов биомассалардың жинақталып пісуін анықтайтын инновациялық тәсіл және оны жүзеге асыратын құрылғы әзірленді.

Құрылғы масақтарының бояу қарқындылығы бойынша рапс, соя, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа, еркекшөп және т.б. дақылдардың жинақталып пісуін анықтайды. Толықтай пісу кезеңінде дақылдың түсі қалыптасады және қондырғының жадында белгіленеді. Дақылдың пісуін анықтау үшін егістіктің түстік гаммасы қашықтықтан жадында тамаша піскен дақылдың түсі сақталған құрылғыға беріледі, екі түсті палитраны салыстыру арқылы ауылшаруашылық дақылдарын жинаудың әлдеқайда оңтайлы уақытын анықтайды.

Жобаны жасаушылар мұндай әдіспен егін жинақтау дәстүрлі әдіске қарағанда дақылдардың шығынын 21%-ға азайтады деп отыр. Аталмыш көрсеткіш «Айршыр» ЖШС мен «Жетісу» ӘКК аумақтарында эксперимент ретінде өсірілді. Ғалымдардың сөзінше, осы әдіспен әзірленген құрылғыны қолдану арқылы пайданы 230 млн теңгеге дейін жеткізуге болады деп болжам жасайды, бұл ретте құрылғының бағасы 1 миллион теңгеге жуық.

Аталмыш әдістің айқын артықшылығы ауылшаруашылық дақылдарының пісуін 50%-ға дейін дәл анықтайтындығы. Ары қарай үдеріс сандық технологияға көшіріледі, егістікті жинаудың ең оңтайлы уақытын анықтау тәртібі қашықтықтан мобильді қосымша арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа инновациялық технология қоршаған ортаға зиянсыз және үнемді әрі пайдалы.

Бағлан Құлынбай,

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар