Ғылыми жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми журналы Web of Science Core Collection деректер базасына іріктеп алынды

09.11.2018

4626

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің International Journal of Biology and Chemistry ғылыми журналы Web of Science Core Collection платформасындағы Emerging Sources Citation Index деректер базасына қосылды

Clarivate Analytics (бұрыңғы Thomson Reuters) агенттігінің деректеріне сәйкес журналдағы мақалалар 2018 жылдың қаңтар айынан бастап индекстелетін болады. Университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына қосылуы университеттің ұлтаралық қатынасты және зерттеуді қалыптастыруға алған бағытының дұрыстығын растайды.


Clarivate Analytics саясатына сәйкес Emerging Sources Citation Index базасында индекстелу үшін сараптамалық топпен журналдарды іріктеп алу Web of Science Core Collection негізгі деректер базасына (мұнда журналдағы мақалалардың басқа әдебиеттер тізімінде аталуының негізінде кейін импакт-фактор индексі беріледі) кіру үшін алғашқы және маңызды қадам болып табылады.
International Journal of Biology and Chemistry журналы Web of Science Core Collection платформасындағы Emerging Sources Citation Index деректер базасына қосылған Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-ң үшінші журналы болып табылады. Осылайша, аталған базада Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да шығарылатын «Eurasian Chemico-Technological Journal» және «ҚР ҰҒА хабарлары. Физика-математика сериясы» журналдары индекстеледі.
Clarivate Analytics – деректер базасын, ақпараттық жүйелерді және зияткерлік меншік топтамаларын басқаратын тәуелсіз беделді компания. Бұл компания ғылыми және академиялық зерттеулерді, патенттік талдауды және құқықтық реттеуді, фармацевтикалық және биотехнологиялық зерттеулерді өткізуге, тауарлық белгілерді, брендтерді және зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған.

Ғылым және басылым белсенділік
басқармасы

«« | »»
Соңғы жаңалықтар