Ғылыми жаңалықтар

Өңдеуші өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың неоиндустриалды үлгісі әзірленді

21.05.2018

5034

Экономика институтының профессоры, э.ғ.д. С.С. Еспаев ҚР өңдеуші өнеркәсіптің басым бағыттарының дамуын және Тұжырымын жасады. Аталмыш жоба барысында Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібін бәсекеге қабілеттінің неоиндустриялық үлгісін жүзеге асырудың ұйымдық-экономикалық тетіктерін жетілдірудің ұсыныстарын негіздеді. Нәтижесінде ҚР өңдеуші өнеркәсіп саласындағы бәсекеге қабілеттіліктің неоиндустриалды үлгісінің даму Картасы әзірленді.
Жоба бойынша 54 мақала жарық көрді, оның 9-ы шетелдік басылымдарда жарияланған және қорғау құжаттары 4 (авторлық куәлік).
ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының әдістемелік ұсыныстары «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның («ААМЖЗ» АҚ) инновациялық машинақұрылысы кластері бойынша («ААМЖЗ» АҚ, 27.02.2015 ж. №85 бастап) енгізілді.
Мемлекеттік реттеу саласындағы инновациялық-индустриалдық даму және өнеркәсіп секторындағы кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлануды қолдану зерттеу нәтижесінің тәжірибелік мәнін айқындайды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар