Ғылыми жаңалықтар

Балаларда кездесетін ретинобластоманы алдын ала анықтау тәсілі пайда болды

02.04.2018

4767

Қазақ көз аурулары ҒЗИ м.ғ.д., профессор Д.Б. Әбдірахимова rb1 және rb2 когерентті оптикалық томография негізінде гендік мутация спектрін алдын ала анықтау қағидаттары және ретинобластоманы болжаудың әдісін жасады.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 8 мақала жарық көрді, оның 6-ы шетелдік басылымдарда жарияланған және ҚР 1 патентін иеленген.
Зерттеу нәтижелері қазақ көз аурулары ҒЗИ және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне енгізілген.
Жобаның жоғары ғылыми-тәжірибелік маңызы балаларда кездесетін ретинобластоманы когерентті оптикалық томографияны пайдалану арқылы алдын ала анықтау және болжау. Ісіктің қатерлілігі жоғары жасушалы түрі алдағы уақытта мутация дамуының болжамалы қағидаттары болуы мүмкін.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар