Ғылыми жаңалықтар

Ресурс үнемдейтін, экологиялық қауіпсіз технологиямен жаңа нанокомпозициялық материалдарды жасалды

19.09.2018

4149

«Әртүрлі мақсаттағы жаңа нанокомпозициялық материалдарды жасауда ультрадыбысты және микротолқынды әсерді қолдану арқылы ресурс үнемдейтін, экологиялық қауіпсіз технологиямен көмір, органикалық және полимерлі шикізатты қайта өңдеудің ғылыми негіздемесін әзірлеу» («Органикалық синтез және көмір химиясы институты» ЖШС) бағдарламасы бойынша:
- жаңа гуминді және гуминминералды композиттер үдерісіне ультрабыдыс, микротолқынды сәулелену және көміртек нанотүтікті белсенді әсері зерттелді. Түрленген көпқабырғалы көміртек нанотүтіктерінен алынған гуминминералды композиттердің физика-химиялық және сіңіргіштік қасиеттері зерттелді, кәсіпорындардың ақпасуларын тазалау үшін сіңіргіш ретінде сынақтан өтті және тазалау деңгейі бағаланды;
- цеолит пен көмір сорбентіне жағылған, суда еритін темір тұзы, никель, кобальт пен молибден, негізіндегі композитті катализаторлардың қатысуымен ауыр көмірсутекті шикізаттарды (көмір, мұнайдың ауыр қалдықтары, мазут, тақтастас) кавитациялық қайта өңдеудің оңайтыл параметрлері анықталды;
- аралас анилиноформальдегид пен полианилин полимері мен металл хлоридтері (Cu(II), Fe(II, III), Zn(II)) және олардың оксидтері негізінде жаңа металл полимерлі композиттер құрылды, олардың құрылымы мен органикалық қоспалардың электр сутектендірудегі электркаталитикалық белсенділігі зерттелді;
- конвекциялық және микротолқынды белсендірілу жағдайындағы жаңа құрамында серо және фосфоры бар туынды 4-амино-1,2,4-триазольдің құрылымы оңтайлы синтез жағдайында әзірленді және зерттелді.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар