Ғылыми жаңалықтар

Елімізде трихофитияны емдейдейтін бағасы арзан вакцина әзірленді

14.03.2018

5072

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты профессоры, в.ғ.д. М.Үмітжанов ірі қара малда кездесетін трихофитияны емдеу үшін отандық биологиялық дәрі әзірледі деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Ірі қара мал түрлеріне арналған инактивтелген трихофитияға қарсы тәжірибелік-эксперименттік 1,0 см3 вакцинада құрамындағы ақуызға байланысты (1,0 мг, 1,5 мг және 2,0 мг), иммунитеттенген үй қояндарын трихофитияның жануарлардан жұғатын түрінен сәйкесінше 40%, 60% және 100% сақтайды. Қорытындылаушы топта тәжірибелік үй қояндарының терісіне (5х5 см2 ) арнайы жұқтырылған жердің трихофитияның айқындалған клиникалық белгілері бақыланды. Мұндай зерттеулер Оңтүсік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары мал шаруашылықтарында, өндірістерде жүргізілді және аталмыш девакцинаның тиімділігі жоғары (алдын алу және емдеу) 100%-ды көрсетті.
Зерттеу бойынша 10 мақала жарық көрді, оның 1-еуі шетелдік басылымда жарияланды. Сақтау құжаттары – 2 (ҚР патенті).
Зерттеу нәтижесі «Айдарбаева», «Айкен», «Сункар», «Кажман» ШҚ-ға енгізілген.
Зерттеу асяныда ірі қара малдарда кездесетін трихофитияны емдеу және алдын алу үшін бөліп алынған және зерттелген эпизоотикалық штаммалар иммуногенділігі жоғары инактивтелген вакцина жасалды. Сапасы жоғары былғары шикізаты, сүт және ірі қара мал еті, сонымен қатар иммуногенділігі жоғары вакцина алудың экономикалық тиімділігі де жоғары (1 доза 50 теңге). Ал көршілес Ресейде мұндай вакцинаның 1 дозасының бағасы 150 теңге екен. Әдеби мәліметтер бойынша мұндай вакцина жақын шетелдерде бар, ал Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар