Әріптестер / Ассоциациялар

ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының ассоциациясы.

Мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және күшті Қазақстанды құруды қабілеттендіру үшін стипендиаттардың күші мен тәжірибесін біріктіру және қазақстандық жастардың белсенділігін көтеру.

Мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және күшті Қазақстанды құруды қабілеттендіру үшін стипендиаттардың күші мен тәжірибесін біріктіру және қазақстандық жастардың белсенділігін көтеру.

«Болашақ» бағдарламасы мемлекеттің кадрлық әлеуетін құрудағы «козырь». «Болашақ» бағдарламасы үшін ең бірінші рет өзінің соңғы миссиясын жүзеге асыратын уақыттың келіп жеткенін сенімділікпен айтуға болады.

«Болашақ» Ассоциациясы өзінің дамуында ең негізгі келешектің бірі ретінде еліміздің қоғамдық өміріңде, мемлекеттік, экономикалық әр салада бәсекеге қабілетті «Болашақ» стипендиаттарынан құрылатын сараптамалық қауымдастықты көреді. Бұл қауымдастық – оның пікірімен санасатын, оны жоғары бағалайтын және сыйлайтын беделді қауымдастық болады.

Мемлекет бағдарлама тәрбиеленушілерінің мемлекет пен қоғамның өміріне белсене араласуын күтуде. Барлығымыз үшін жекелеген және барлық бітірушілердің әлеуеті, жігері,белсенділігі және білімі Қазақстанның дамуына бағытталғаны маңызды.

Ассоциация қызметінің мақсаты мен пәні
2.1 Мемлекетттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қазақстандық жастардың белсенділігін көтеру, стипендиаттардық күші мен тәжірибесін біріктіру.

2.2 Ассоциация қызметінің пәні:

  • Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде ҚР-ның экономикалық, әлеуметтік, саяси ілгерілеуін қабілеттендіру үшін іс-шаралар өткізуде стипендиаттардың зияткерлігін, шығармашылық және іскерлік әлеуетін, күшін біріктіру;
  • Стипендиаттарға біліктілігін көтеруде, әлеуметтік-экономикалық және басқарушылық қызметтің жаңа үлгілері мен тәсілдерін,алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені игеруде көмек көрсету;
  • Стипендиаттардың хабарласуы және тәжірибе алмасу, өзара қолдауды дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу үшін жағдайлар жасау;
  • Стипендиаттарға өздерінің біліктіліктеріне, іс-жүзіндегі тәжірибелеріне және қабілеттеріне сәйкес жұмыс орнын таңдауда жәрдемдесу;
  • ҚР мемлекеттік қызметінің ағымдағы кадрлық резерві ретінде стипендиатардың беделін көтеруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Өзекті сұрақтар бойынша кең көлемді пікірталастарды, идея және шетелдік тәжірибе алмасумен, жаһандық үрдістерге талдау және мониторинг жасау және олардың Қазақстанға әсері атты бастамашылдық жолмен мемлекетте кәсіби сараптамалық қауымдастың құрылуына жәрдемдесу;
  • Республика жетістіктері, халықаралық, отандық, үкіметтік емес ұйымдармен және зерттеушілік орталықтармен өзара әрекеттесудің пропанганда жолымен мемлекетте және шетелдерде Қазақстанның қалыпты бейнесінің незізделуіне жәрдемдесу;
  • Студенттермен лекциялар, кездесулер өткізу, Ел Президентінің және мемлекеттің саясатын түсіндіру жолымен жоғары білімді отансүйгіш жастардың қалыптасуына жәрдемдесу;
  • Талантты жастарды табу және кәсіби дамыту, жастар мәселелерінің жүйелі шешіліп шаралар дайындалуы үшін жастар мәселесі туралы ақпараттар жинау;
  • Нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар дайындау, олардың тиісті мемлекеттік органдарға және қызығушылық таңытқан ұйымдарға бағытталуы;
  • Әлеуметтік-экономикалық өмірдің әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізу ( мәдениет, білім, денсаулық сақтау және т.б) аталмыш мәселелерді тиімді шешу бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Арнайы, сонын ішінде халықаралық конференция, симпозиумдар, семинарлар “дөңгелек стол”, пікірталас, байқау және басқа да іс-шаралар өткізу;
  • Орнатылған заңды тәртіп бойынша ғылыми, оқулық, ақпараттық және пропагандалық материалдарды, сонын ішінде периодикалық басылымдарды басу және тарату;

2.3 Ассоциация жарғысының мақсаттарына сәйкес, Ассоциацияның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар және ҚР заңнамаларына қайшы келмейді. Ассоциацияның кәсіпкерліктен тапқан табыстары, Ассоциация мүшелері арасында бөлінбейді, керісінше Ассоциацияның жарғысындағы мақсаттар мен тапсырмалардың орындалуына бағыттылады.

2.4 Ассоциация қызметтің жекелеген түрлерін Заңға сәйкес тек лицензия негізінде жүзеге асырады.